Ең алғаш ғарышқа ұшқан «Лайка» атты ит туралы естіп, білдік. Ол ақылды ит болған екен. Сосын ғарыш жайлы бейнеролик көрдік, сөзжұмбақ, жұмбақ шешіп, өлеңдер оқыдық, постер арқылы түсінгендерімізді айттық. Ғарышкер болу оңай емес екен. Біліміңмен қатар денсаулық та мықты болу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Біз бәріміз де ғарышкер болғымыз келді. Жақсы оқып, тәрбиелі болсақ, ізденсек, денсаулығымыз мықты болып, спортпен айналыссақ, ғарышқа ұшуға жол ашық екен. Сөйтіп, бәріміз де есейгенде ғарышкер боламыз деп шештік!
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Қазақ КСР-і, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Теміртаудағы металлургиялық комбинат құрылысына бүкіл одақтан комсомолдарды жинап жатқанын естіп, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буды. 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 км жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Турасын айтқанда Назарбаев кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға еді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін. Назарбаев естеліктерінде менмен амбициясының болмағанын, басқарушы лауазымдарға құмар болмағанын айтады, бірақ жас күнінен әрқашан да бірінші болу керек деген дағды қалыптасқан. Осы кезеңде ол басшы ретінде цех басшылары мен министрлерге дейін қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады.
сәлем
бүгін таңғы асқа не іштің
мен ботқа мен шәй іштім
ал мен кофе мен печенье іштім
саған анаң таңғы ас жасап берді ме
жоқ, әпкем, сағаншы
маған анам жасап берді
түсінікті, сау бол
сау бол