М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lika8911
Lika8911
22.02.2023 08:46 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение про плов на казахском языке

👇
Ответ:
yaantonio19
yaantonio19
22.02.2023

Палау пісіру.

Керекті азық – түлік: қой немесе сиыр еті (мөлшермен 300 гр.), 2 орташа сәбіз, 2 орташа пияз (жуа), 2 кесе (пиала) күріш, 4 – 5 ас қасық сұйық май, татымына қарай тұз. Үстіне қалауыңыз бойынша аскөк немесе көк жуа турап, салуға болады.

Ең алдымен қазанға майды құйып қыздырып, май қызғаннан кейін ортасынан жұқалап туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қуырылғанша, сәбізді ұзыншалап турап, пиязбен қосып қуырамыз. Одан кейін орташа кесектеліп туралған етті қосып барлығын жақсылап 10 – 15 минут шамасында қуырып аламыз.   Барлығы қуырылып болған соң үстінен бір кеседей қайнаған су құйып, татымына қарай тұз салыпбір қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып (шамамен 2 – 2,5 кесе), қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.

Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.

Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады. Мен біздің үйде дайындалатын палаудың рецептін жаздым.

4,7(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
edinorogserezha1
edinorogserezha1
22.02.2023

Объяснение:

Менің сүйікті қаһарманым

Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар адамға ортақ. Олай болса неге өзім де сүйікті қаһарманымдай болмасқа? Мен де Төстік сияқты бауырмал, көпшіл болып, сүйгеніме адалдық таныта аламын. Ол сияқты ата-ананы құрметтеп, оларға бақыт сыйлау міндетім. Ең бастысы, ол сияқты ақ адал болмысты, адамгершілігі жоғары адам болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды.

4,4(1 оценок)
Ответ:
998974452408
998974452408
22.02.2023
  Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Павлодардың орны ерекше.            Павлодар қала ретінде  XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы,  Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы  атындағы және көркемсурет  мұражайлары бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО,  көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-химия,  сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..              Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
4,5(79 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ