М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
24j18g81B
24j18g81B
21.10.2021 14:13 •  Қазақ тiлi

Сочинение про шымкент на казахском языке

👇
Ответ:
Sss5555500
Sss5555500
21.10.2021

Шымкент

Шымкент Қазақстанда инфрақұрылымы жақсы дамыған жетекші қалаларының бірі. Елдің оңтүстігінде орналасқандықтан ауа-райы аса қолайлы. Халқының тығыздығы жағынан Республика бойынша үшінші орында тұр. Қала негізінен үш ауданға бөлінген.

Шымкент Қазақстанның көне қаласы. Кейбір ғалымдар қаланың негізі б.з.д. II ғасырда салынған деген тұжырым жасап жүр.

Ғалымдардың енді бір тобының пайымдауынша қала б.з.д V-VI ғасырларда пайда болған. Не дегенмен қала аса көне шаһарлар қатарына жатқызылады. Бұған қала маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары дәлел бола алады. Жақында қала маңындағы көне қамалдардың біріне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ер адам мен әйел адамның мүрдесі табылды. Жерлеу рәсімінің ерекшелігіне қарап тарихшылар мүрделердің зороастрлық салтпен жерленгендігін анықталып отыр. Демек аталмыш қабірдің өзіне 1500 жыл болған. Бізге белгілі болып отырған келесі деректерде Шымкент алғаш рет парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің естеліктерінде айтылады. Бұл 1425 жылдар шамасы болатын. Мұнда 1365-1366 жылдары Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы сан алуан деректер жазылған. Бұл дерек "Зафар Наме"- ("Жеңіс кітабы") атты кітабында кездеседі.

Қалай болғанда да, қала ескі замандардан бері адамдардың өмір сүруіне аса қолайлы мекен болған. Әмір Темір ханның қол астынан шыққаннан кейін қала XV ғасырдың басынан бастап XVIII ғасырдың жартысына дейін қала түгелдей Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Жоңғарлардың құрығынан құтылған қала XVII ғасырдың 1810-1864 жылдарында Қоқан және Бұхара хандықтарымен күрес алаңына айналады. Тіпті Қоқан хандығының ордасы да болады. 1864 жылы қалаға орыс әскері басып кіреді. 1867 жылдары қала Қоқандықтардан түгел дей азат етіліп Сырдария облысының уездік қаласы болады. Дәл осы түста Шымкент қаласы Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды.

Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, бұл аймақта жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнер аса дамыған қала болып қала берді. 1914 жылы Қазақстанның Рессейге қосылуының 50 жылдығына орай қаланың атауы орыстың генералы Черняев есімімен алмастырылады. Бірақ 1921жылы қаланы байырғы атауымен атау туралы шешім шығарылып қала Шымкент қаласы деп аталады. Содан бері қаланың гүлдену дәуірі басталды. Халық саны өсіп, ерекше әрлене бастады.

Қаланың атауы

Қаланың Шымкент атауының шығу тарихы бірнеше тұжырымдарға сәйкес келеді. Нақты дерек жоқ. Соған байланысты зерттеуші-ғалымдар «қала-бақ», «жасыл қала» десе, енді біреулері «жердің бет қабатымен қапталған қала» яғыни, шымнан тұрғызылған дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, ал «кент» қала, шаһар дегенсөз. Екеуі бірігіп шымнан салынған қала мағнасын береді. Келесі бір зерттеушілер «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді деп тұжырымдап отыр.

4,8(95 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sashaShelsy
sashaShelsy
21.10.2021
Жауаб: XX ғасырда ғана экология жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Қазіргі уақытта ғана ол өте көп салаларға жіктелген ғылым саласы болып отыр. Оны негізінен жалпы экология, физиологиялық экология, мінез-құлық экологиясы, попуяцияның және бірлестіктің (қауымдастықтың) экологиясы, экологиялық жүйелердің экологиясы, сонымен бірге ландшафтар экологиясы және стастикалық экология деп бөледі. Жалпы экологияның міндеті тірі организмдердің тіршілік ету заңдылықтарын белгілі бір уақыт және белгілі бір кеңістіктегі санын, тірі организмдердің қатысуымен заттар мен энергия айналымын, сонымен бірге организмдердің қоршаған орта факторларымен және олардың өзара байланыстарын зерттейді. Мінез-құлық экологиясының міндеті әртүрлі экологиялық ортада организмдердің мінез-құлық (жұбын таңдау, өз түрлерімен әртүрлі жағдайдағы қарым-қатынасы, қорегін таңдау және т.б.) қарым-қатынастарын зерттейді. Популяцияның экологиясы популяцияда туу жиілігін және өлім-жітімін, динамикасын және олардың санын реттеу ерекшіліктерін, сонымен бірге бәсекелестігін, жыртқыштықтың, мутализмнің және басқа әртүрлі организмдермен қарым-қатынасының түрлерін зерттейді. Бірлестік (қауымдастық) экологиясы белгілі бір аумақта мекендейтін әртүрлі организмдер тобын, сонымен бірге түрлердің алуантүрлігін анықтайтын факторларын және қауымдастықтағы түрлердің бір-бірімен қарым-қатынасын анықтайды. Экожүйелердегі экологияның міндеті осы табиғи, бірлестіктердегі организмдерге абиотикалық факторлардың әсерін зерттейді. Сонымен қатар ол экологиялық жүйелердегі зат және энергия алмасу заңдылықтарын да айқындайды. Ландшафт экологиясы әртүрлі ландшафтық аумақтарда (бау-бақша, саябақтарда) экологияның заңдылықтарын зерделейді. Статистикалық экология организмдердің таралу заңдылықтарын анықтайды. Ескерте кететін жағдай экологияның осы салаларының шекарасы әлі де болса нақты анықталған емес. Экологтар және экологияның мәселелері қызықтыратын басқа мамандар, осы экологиялық мәселелерді зерттеуді әртүрлі жолдармен шешеді. Бір экологтар жабайы аңдар немесе балықтардың экологиясын, тағы біреулері табиғи қорықтардың, саябақтардың және бақтардың экологиясымен айналысып, жалпы немесе жеке сұрақтарды шешеді. Басқалары экологиялық процестерді эволюциялық жолдармен байланыстырып, қалайша табиғи сұрыпталу экологиялық жүйелерге және экологиялық факторлар қалайша эволюциялық процестерге әсер етуін зерттейді. Дәрігерлерді жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштары таралуының экологиялық мәселелері, сонымен бірге молекулалы экологиялық факторлардың (плазмидтер) әсері қызықтырады. Соңында айтарымыз, экологиялық мәселелерді шешуде математикалық және компьютерлі жобалау, үлгілер жасау арқылы ғаламдық проблемаларды, мысалы жаһандық жылынудың себептері және салдары сияқты мәселелерді шешудің жолдарын анықтауға болады.
4,7(42 оценок)
Ответ:
puh9999
puh9999
21.10.2021
"Батыр деп кімді айтамыз?"
Батыр деп- ержүрек адамдарды атаймыз. Өз елі үшін отқа да, суға да түсетін батыл адамды айтуға болады. Батырлар ержүрек, батыл, мықты, мейірімді, күшті болады. Əр батырдың өзінің тұлпары болды. Егер мысалға алсақ; Қобыландының -Тайбурыл, Алпамыстың -Байшұбар деген аттары болды. Батыр деп- еліне жау шауып, күн туған кезде қолына найзасын алып, үстіне сауытын киіп, сəйгүлігіне мінуге дайын тұратын адамды айтса болады. Олардың өзінің қару- жарағы болды: найза,семсер, қылыш сияқты. Олардың сенімді достары жəне қалың қолы болды. Жау шапса барлығына дайын тұрған. Қазір де сол батырлардың көбісіне құрмет көрсетіп ескерткіштер салған. Тіпті олардың атына қойылған аудан-ауылдар, көшелер де бар.
4,6(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ