Ана тілім - мақтанышым.
Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мен өз тіліммен мақтанамын!
калайсын?
Салем досым! жаксы.
озин ше ?
жаман, ауырып калдым.
не истеп жатырсын?
мектепке жиналып жатырмын.
Ертен бизде натиже сак болады.
ммм кушти гой.
жога мен али дайындалган да жокпын.
мен казир саган комектесейин.
жарайды. Бастайбер
Натиже сабагынын такырыбы кандай?
Сабактын такырыбы " Меним мектебим" .
Бастайык.
Сенин мектебин неше кабатты?
меним мектебим уш кабатты.
Мектепте не бар?
Мектепте спортзал,акт залы, дамхана,оку кабинеттери бар.
болды сен 5 тапсырасын.
рахмет сау бол.!
сау бол!