«шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы қашан да пайдалы. күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi пьер де кубертен: «о, спорт! сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі. ғалымдар ақш-тың пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын анықтаған. студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген. дене жаттығулары ң көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.
"Есік" қорық-мұражайы 2010 жылы құрылған. Мына схемада мұражай нысандарына кіретін мұражай ғимаратымен қоса "Есік қорғандары" қорымы, ежелгі сақтардың Өрікті, Рахат қалалары, орта ғасырдағы Талхиз қаласы көрсетілген. Қорық-мұражайдың жалпы аумағы 422 гектардан асады.Қорық-мұражайдағы қорым аумағындағы екі қорған. Қорымда 80-нен астам осындай қорған бар. Олардың көбі бұған дейін бірнеше рет (әсіресе 17-18 ғасырларда) қазылып, тоналғанын байқауға болады. Есік қорымын әйгілі еткен тарихи-мәдени жәдігер – осы жерден табылған сақ дәуіріндегі жауынгер - "Алтын адам" ескерткіші. "Алтын адам" кейін тәуелсіз Қазақстанның символдарының біріне айналды. Есіктегі қорық-мұражайдың бірінші қабатына қойылған "Алтын адам" көшірмесін 1995-1997 жылдары Қырым Алтынбеков дайындаған. Есік қорымындағы әйгілі "Алтын адам" табылған қорған сақталмаған. Ол жерге кейіннен құрылыс түскен. Тарихи жәдігер табылған тұста қазір мынадай жазуы бар белгі қойылған. Археолог Кемал Ақышевтің пікірінше, "Алтын адам" біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырларда өмір сүрген.Алтын адамды" Кемал Ақышев (1924-2003) жетекшілік еткен археологиялық экспедиция тапқан. Мұражай экспозициясындағы мына фотода ғалым жоғарғы қатарда ортада көзілдірік тағып тұр. "Алтын адамды" тауып, қазба жұмыстарын жүргізген археологтар тобында сол кезде кіші ғылыми қызметкер болып істеген Бекмұханбет Нұрмұханбетов те болғанБекмұханбет Нұрмұханбетов (1935-2016) өз бастамасымен құрылған "Есік" қорық-мұражайында өмірінің соңына дейін ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Мұражайда ол жұмыс істеген кабинет мемориалдық орынға айналған. Кабинет зерттеушінің көзі тірісіндегі қалпы тұр. Жұрт "Бекен-аға" атап кеткен Бекмұханбет Нұрмұханбетов қайтыс болғаннан кейін кабинетіне оның мүсіні қойылған.
Объяснение: