Жаңа жыл келіп қалды. Жаңа жылды біз асыға күтеміз. Әсіресе сыйлықтарды. Өткен жылы маған атам керемет сыйлық сыйлады. Ол сыйлық маған өте ыстық. Жаңа жылда қонаққа барғанды өте ұнатамын. Сонымен қатар, жаңа жылда біз демалысқа шығамыз. Демалыста біз отбасымызбен шаңғы тебуге бардық. Мен ол жерде жаңа достармен таныстым.
Келіп жеткен жаңа жылда жақсылықтарға жете беріңіз, ата-анаңыз аман-есен болсын, жақсы бағалармен барлығымызды қуанта бер!
Оқуда табысқа жету үшін алдымен сабақты үздік оқу керек. Ол үшін жалқаулық, еріншектік деген қасиеттерді ұмытым қажет. Олардың орнына ізденіс, қызығушылық қасиеттерін дамыту керек. Ең алдымен кез келген сабаққа қызығушылық болып, кітап оқу керек. Қазіргі кезде білімді адам ғана табысқа жете алады. Сондықтан газет журнал оқып, әлем жаңалықтарымен танысып, ізденуім қажет. Ең алдымен бірнеше тілді меңгеріп жан жақты болып, оқуда көптеген табыстарға жетуге болады. Еш талмай тек алға ғана ұмтылу ұстанымымен жүруім керек.
Келіп жеткен жаңа жылда жақсылықтарға жете беріңіз, ата-анаңыз аман-есен болсын, жақсы бағалармен барлығымызды қуанта бер!