Бір түлкі жүгіріп келе жатып, байқамай бір терең шунқырғы түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, шунқырдын жаныны келіп ,түлкіні көреді.
- Ей, түлкі, не істеп тұрсың? - Депті. - Ой, қайтесін, демалып тұрмын. Сыртта ыстықтып, және шөлдем өліп едім. Шунқырдың іші салқын, түбінде тұп тұнық суы бар екен, - депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, су ішейін», - деп ойлап, секіріп шунқырғы түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, секіріп далаға шығып, жөніне кетіпті.
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.