Ұлы Жібек жолы туралы диалог.
Алмасбек: Аспандияр, сен Қазақстандағы көне қалалар жайлы естуің бар ма?
Аспандияр: Ия, достым, кезінде Ұлы Жібек жолының бойында Түркістан, Тараз, Отырар секілді қалалар орналасқан болатын. Жай сұрадың ба?
Алмасбек: Мен оқушылар сарайында «өлкетану» үйірмесіне қатысушы едім ғой, есіңде ме? Сол үйірменің жетекшісі мен қатысушыларымен бірге келер демалыста «Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның көне қалалары» атты үш күндік сапарға аттанамыз.
Аспандияр: Қандай керемет! Әттең, мен де сол үйірмеге қатыспаппым, әйтпегенде менің де бұл сапарға аттанғым келетін еді. Тарихи деректерге толы, маңызды сапар болатын сияқты.
Алмасбек: Ия, мен де солай ойлаймын. Сондықтан қазірден кішкене болса да дайындалып, қосымша мәлімет жинап жүрмін.
Аспандияр: Оның дұрыс екен. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды.
Алмасбек: Толықтай келісемін. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.
Аспандияр: Сәтті сапар тілеймін! Жақсы, әрі жемісті демалыс болсын!
Алмасбек: Рахмет, келген соң қалай өткенін айтып беретін боламын.
Объяснение:
Менің отбасым
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отан отбасынан басталады. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!
«Өтірік айтпасқа амалым болмады...» – деген тіркесті саналы жасыңызда тым құрығанда бір рет айтқан шығарсыз. Айтпаған күннің өзінде де, сізге ешкім сене қоймас. Сөйтіп, жалған сөйлеу, өтірік айту, алдау-арбау сынды жағымсыз қасиеттерді бүгінгі тіршілігіміздің ажырамас бір бөлігіне айналдырып алдық та, елу жылда бір рет оның кері жақтарын есімізге түсірер-түсірмес жағдайға жеттік. Бір-бірімізге шетінен, кілең өтірікші болып көрінетініміз де осындайда байқалады-ау. Шыныңды айтсаң да – өтірікшісің, өтірігіңді айтсаң да – өтірікшісің.
«Өтірікшілер басқа адамдар, олар біз емес», – дейді Иэн Лесли. Мүмкін, әр адамның ішінде өтірікші – егізі өмір сүретін шығар.
Кейде осы ағыңнан жарылып, ішіңдегі бар шыныңды айтып жатқанда сенбейтіндердің күмәнді сұрақтарынан кейін, өз шындығыңнан өзің күмәнданып, біреудің өтірігіне қалай сеніп қалғаныңды да байқамайтын жағдай да болады ғой.
Бір жағынан, «өтірік» – адамның аса дамыған санасының жемісі сияқты. Біздің миымыздың мол мүмкіндігі дем арасында өтірік айтып, сан алуан проблемалық немесе даулы жағдайдан құтылып кетуге мүмкіндік беріп отыр. Әлі күнге дейін сыры толық ашылмаған жұмбақ миымыздың төңірегінде талай зерттеулер жүргізілді, әлде де жүргізіліп келеді. Мәселен, Жер бетінде пайда болған алғашқы адамдардың миы бүгінгі адамның миының үштен бір бөлігін ғана құрапты. Сәйкесінше, алғашқы адамдар тіршіліктен хабарсыз, аңқау, санасыз, зердесіз, ақылсыз болды. Ондай жағдайда өтірікті қайдан айтсын? Ал қазіргі адамның миының салмағы мың грамнан екі мың грамға дейін жетеді екен. Алайда, барлық адамдардың миы біркелкі жұмыс істей бермейді. Сондай-ақ, барлық адамдар бірдей өтірік айтпайды және өтірікке алданбайды. Адам санасының дамығаны соншалық, ол көптеген эволюциялық үрдістерден өтіп, өзінің ашкөздігі мен тоғышарлығынан өтірікті де айтып, сатқындықты да жасап (ол да бір өтірік), екіжүзділікті де көрсетіп жүр. Сөйтіп, адамда макиавеллиандық зерде, яғни әзәзілдік пен қаталдықтың, рахымсыздық пен жалғандықтың арқасында әлеуметтік әрекет қалыптасты. А жақсылықты көп байқай бермейміз, бағаламаймыз. Ал, бүгін бізді біреу алдап, тақырға отырғызып кетсінші, ертең өле-өлгенше ондай әрекеттің қайталануына жол бермейміз. Түрлі жағдайларға байланысты біреулер абайсызда өтірік айтады, екіншілері қалай өтірік айтқанын өздері де байқамай қалады.
Өтірік айту адамның тегінде бар нәрсе. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек. Баланы бесіктен өтірік айтпауға тәрбиелеген дұрыс. Мысалы, алты жасар Асқар үйдегі кесені сындырып қояды да, бірақ анасына оны үш жасар қарындасы Айша сындырды дейді. Осылайша, бала бесіктен белі шықпай жатып, өтірік айтуға дағдыланады. Ертең, бала өскен сайын ол өтіріктің салмағы да ауырлайтынын ескере бермейміз. Әлбетте, адамның құлағына жаман шындықтан гөрі, жақсы өтірік майдай жағатыны...