Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Ақылды үйдің" жүйесі сымсыз бейнекамера, қозғалыс, есіктің ашылу датчиктерінен тұрады. Детекторлар қозғалысқа, есік немесе терезенің ашылғанына, бір нәрсенің жанып жатқанына лезде әрекет етеді, ал бейнекамера оқиғаны тіркеп, фотоесеп жібереді. Үй иесі туындаған қиындықтан смартфонға орнатылған мобильді қосымша арқылы хабардар болады", — делінген хабарламада.
"Ақылды үй" пәтердің кешенді қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындар қаскүнемдердің үйге кіруі немесе үй иесі жоқ кезде болатын апат туралы алаңдамайтын болады. Жүйе ұялы телефонға хабарлама жіберіп, кез келген қиындық туралы лезде ескертеді, пәтерде нақты не болып жатқанын және көмек шақырудың қаншалықты қажет екендігін мобильді қосымша арқылы кіріп, көре алады", — деп мәлімдеді ба з қызметіндегілер.
Отан туралы тақпақтар
1. Ерлігі бар даңқы бар,
Бірлігі бар халқым бар.
Отан үшін аянбай,
Ұрпағын мәңгі талпынар.
Отаным менің ардақты,
Қазағымның ордасы.
Ғасыр бойы жалғасқан күреспенен,
Азаттықтың арайлы таңы атты.
2. Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
3. Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,
Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.
Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,
Бәсекелес елу елдің қатарынан.
4. Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!
5. Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
6. Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
7. Туған жер - ата қоныс, атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем.
Жері кең, сахарадай неткен көркем,
Әлемде 9 санын тұрақ еткен.
Мұнайлы алтын, күміс, жер қойнауы
Мен осы өз өлкемді мақтан етем!