#2. Жерлестеріміздің Жер - түбір, лес-жұрнақ, тер- көптік жалғау , і-тəуелдік жалғау 3 жағы , тəуелдік жалғау 1 жағы, дің - ілік септігінің жалғауы. #3.Түркістан - Қазақстанның қасиетті қаласы. Түркістан( не? ) -бастауыш, Қазақстанның (ненің?) - толықтауыш , қасиетті(қандай?)-анықтауыш, қаласы (несі?)- толықтауыш. Балалы, баласыз- сын есімдер. Балалы - түбірі - бала , лы- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ, баласыз -түбірі -бала,сыз- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ #7 Оман жекеше 1 жақ менің Оманым 2 жақ сенің Оманың сіздің Оманыңыз 3 жақ оның Оманы көпше 1жақ Біздің Оманымыз 2 жақ Сендердің Омандарың Сіздердің Омандарыңыз 3 жақ Олардың Омандары
Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.