Жазылым;
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады.
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.
Ұстанымымыз – бейбітшілік пен келісім
Көп жылдар бойы әртүрлі ұлыстар мен діни нанымның рухани мұрасымен тереңірек таныса түскен Қазақстан халқы шынайы шыдамдылық пен діни төзімділікті және жаңа дүниені қабылдауға деген ықыласты өз бойына сіңіре білді.
Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері қазіргі заманғы діндер арасындағы жаһандық абыройлы үнқатысудың табиғи және іскерлік көрінісі болды. Бұған дейін үш рет съезд өтті. Мұндай маңызды шараны жоғары деңгейде өткізе білген Қазақстанға ондаған елден келген діни ұйымдардың басшылары шынайы ризашылығын білдірді. Халықтар мен діни көзқарастарды жақындастыруға, сол арқылы бейбітшілік құндылықтарын қалыптастыруға жасаған қадамы үшін әлемдік қоғамдастық Қазақстанның бұл қадамына жоғары баға берді. Осы үдеріс IV Съезде де жалғасын тапты.
Рухани көшбасшылар, діндер мен халықтар арасындағы өзара түсінушіліктің қалыптасу мүмкіндігін жасауда астаналық съездің маңызы зор. Съезд қатысушылары декларация қабылдады, онда конфессияаралық үнқатысу бейбітшілікті қолдау және халықтар арасындағы келісімнің маңызды құралы ретінде аталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1-ші және 2-ші тармақтарында азаматтардың заң мен сот алдында бәрi тең екені және ешкімді тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты кемсітуге болмайтыны анық жазылған. Бүгінгі таңда Қазақстанда 3200-дей мешіт, шіркеу және құлшылық ететін үйлер жұмыс істейді.
Жаңа ХХІ ғасырда ұлтаралық келісім мен діндер арасындағы үнқатысудың үлгісі елордамыздан бастау алып отыр. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы біздің еліміздегі нағыз рухани орталыққа айналды. Онда Халықаралық мәдени және діни орталық құрылды.
Әділ тәртіп қана адамзат қоғамының гүлденуінің негізі болады! Астанада құрылған Халықаралық мәдени және діни орталықтың қызметі осындай негізге бағытталуы қажет. Ізгі мақсат аясында әртүрлі мәдени және діни өкілдер сұхбатының ауқымын ұлғайтудың маңыздылығы зор. Оған зайырлы және діни БАҚ өкілдері мен жастар бірлестіктерін, ғылыми және шығармашылық зиялыларды тарту қажет деп есептеймін.
Орталық бейбітшілік, келісім және әділдіктің интеллектуалды зертханасы болуы, жаһандық күн тәртібіне ұсынысты әзірлеуі және ұсынуы қа-жет. «Ол съездің барлық қатысушыларын жаңа идеялар және ұсыныстармен толықтыратын құрылым болуы қажет», деп Астана съезіне бастамашы болған, Халықаралық мәдени және діни орталықты құру идеясының авторы – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын.
Қазақстан ғасырлар бойы жинақталған адамгершіліктің тегеурінді талаптарын адамзатқа жеткізуге байланысты жауапты миссияны өз міндетіне алды. Қазақстан әлемде бейбітшілік орнауы үшін, атап айтқанда, қауіпсіздік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, теңдік, әділдік, төзімділік, рухани-адамгершілік бастауларын игеру қағидаттарын ұсынып отыр.
Ал үстіміздегі жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дайындықты жүргізу міндеті Хатшылықтың Х отырысында сарапқа салынған еді. Хатшылық отырысында Дін көшбасшылары кеңесінің тұжырымдама жобасы бекітілген болатын.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары форумының Қазақстанның елордасы – Астанада өткізілуінің өзі кездейсоқтық емес. Елімізде жүзден астам ұлт тұрады және барлық дін өкілдеріне өздерінің таңдауы бойынша құлшылық етуіне мүмкіндік берілген. Ұлыстар арасындағы келісімді сақтауда қазақстандық тәжірибе өте құндылығымен ерекшеленеді.