ответ Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот тілінен аударғанда «кұпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. Ертеде кағаз болмағандықтан, біздің бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Әсіресе, осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендердін маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды.
аллегория, (көне грекше: allёgorіa — астралап, пернелеп айту), — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/3428-til.html#read
© www.ZHARAR.com