1.Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
2.Ибраһим
3.Абай әжесінің қолында болды.
4.Абай Құнанбаев бұл өлең жолдарымен бізге өзіңнің бақытыңды жолыңды тап деп айтқысы келген.
5.Күз, Қыс
6.Жақсы баға берді.
Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақтар қаза болды. Әрине бұл соғыс оңай болмады. Биыл ҰОС аяқталғанына-70 жыл толды.
Ал 1986 жылы 16-желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаммеджанова сияқты көптеген жастар алаңға шығып, көтеріліс кезінде қыршыннан қиылды.
Тәуелсіздікті алғанымызға 2016-жыл 25 жыл толады. Осы уақыттың ішінде бізді әлем таныды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз ел деп мойындады.
Қазақстан - көп ұлтты ел. Қазақ - қонақжай халық. Сондықтанда біз бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Отанды сүю - әрбір қазақ азаматының міндеті. Өткенді ұмытуға болмайды. Ол - біздің тарихымыз. Отан үшін отқа түс күймейсің –деп Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған. Мен өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Елім, отаным, жерім деп жүрген ағаларымыз аман болсын!
Эссе " Мен қандай көшбасшымын? "
Ия, шынында мен қандай көшбасшымын?
Бұл сұрақты мен өзіме талай рет қойдым. Осы сұраққа талдау жасап, талай таңды ұйқысыз өткіздім. Неге ойланбасқа? Неге өз ісіме талдау жасамасқа? Өйткені, қарамағымдағы 100-ге таяу мұғалім, 50-ге жуық штаттық қызметкерлер, 1200 оқушымның жай-күйі, жағдайы мені мектеп басшысы ретінде, көшбасшы ретінде толғандырады. Үлкен ұжымды үлкен оркестрдің дирежерындай мақсатты бағытқа білу менің басты міндетім.
Көшбасшы қандай болу керек?
Көшбасшы жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпақшылықты төзе білетін тұлға. Дана халқымызда "Жүк ауырын нар көтерер" деген мақал бар.
Мен ұстаз ғана емеспін, ұстаздардың қстазы емеспін. Ұжым басшысы, көшбасшы ғана емеспін.
Мен-Анамын. Бір қолыммен бесікті тербетсем, екінші қолыммен киелі бір ұжымның бесігін әлдилеудемін. Мен әжемін. Еміреніп немеремді бауырыма басатын. Шаңырағымда От анасы, ұжымымда көшбасшы болу оңай шаруа емес.
"Көшбасшы- әлбетте, өз саласының білгір маманы, сонымен қатар, өзге саласының білгір маманы сонымен қатар, өзге саладан да хабары бар жан.
Ол топпен жұмыс жасай білуі қажет. Қол астындағы адамдардын пікірімен санаса біледі, сол пікірлерден сөздік тобықтай түйін шығара біледі. Үлкен жауапкершілігі бар бойында сабырлық қасиетін қалыптастыра білетін адам"-деп ойлаймын және де осы қасиеттер өзімнің өн бойымнан табылатынына сенемін. Оған дәлел көшбасшы болғаныма биыл 20 жыл . Осы жылдар ішінде ұжымыммен бірге жеткен жетістігім, шыққан биігім осының айғағы деп білемін.
только эссе "какой я лидер?"