"Мемлекет басшысына барлық маусымға арналған "Көкжайлау" тау шаңғысы курортын дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен тағы да құттықтап, көзделген барлық жоспарлардың табысты іске асырылуына тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысы Алматы облысы және жалпы республика үшін туризм индустриясының маңыздылығын атап өтті. "Бүгін мен тау туризмін дамыту саласындағы әлемнің көрнекті мамандарының ұсыныстарын қарап шықтым. Қазірдің өзінде Шымбұлақ тау шаңғысы кешені мыңдаған қазақстандықтың саламатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Жаңа тау шаңғысы курортының жобасы бүкіл еліміз үшін маңызды болып саналады. Алматыда және облыста туризмді дамыту 100 мыңға жуық қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаланың қарқынды дамуы тауларымызды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ. Еуропаның көптеген елінде адамдар кішкентайынан спорттың қысқы түрімен айналысады. Тау шаңғысы курортына баратын турист жылы және теңізі бар елдерге баратын туристерге қарағанда 6 есе көп кіріс әкеледі. Егер біз осы бағыттағы туристік саланы дамытатын болсақ, онда мыңдаған жұмыс орнын ашып, көп мөлшерде, соның ішінде табиғат қорғау саласына инвестицияны көбірек тартатын боламыз. Тек Шымбұлақ кешені ғана емес, облыстағы басқа да орындар пайдаланылатын болады және бұл ретте табиғат өз көрік-келбетін сақтап қала береді", – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында тау шаңғысы курорты жобаларын іске асырудың нәтижесінде оның қазақстандықтар демалатын және бүкіл әлем туристері баратын танымал көпшілік орынға айналатынын атап өтті. Бұған қоса, Мемлекет басшысына мұз айдыны мен Атлетикалық қалашықтың макеттерімен қоса, "Универсиада – 2017" болашақ инфрақұрылымының бірқатар жобалық нысандары таныстырылды. Универсиадаға дайындық жөнінде баяндама жасаған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов екі нысанның – 3000 және 12000 көрерменге арналған мұз айдыны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталғаны туралы хабардар етті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 439,9 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірлемелері жасалып жатыр. Ал 5 000 орынға арналған Атлетикалық қалашықтың техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасы әзірлену үстінде.
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен мемлекетіміздің гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді. Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.