Байлық пен ақыл. Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып: -Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті. Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де: -Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді. Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да: -Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді. Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына: -Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі: Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Байындыр немесе Баяндыр хан Қоррқыт ата кітабынан алынған. Қорқыт ата кңтабын 8-ші ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы десе де болады. Оларды жыр түрінде жазған Қорқыт ата. Баяндыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойғызады. Бір жерге қара отау, бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау құрғызады; Кімнің ұлы,қызы жоқ болса, қара отауға қондырғын, астына қара киіз төсегін, астына қара киіз төсегін, қара қойдығ етін жесе жесін, жемесе тұрып кетсін!-деді. Ұлы барды ақ отауға; Қызы барды қызыл отауға қондырғын!-деді. Ұлы,қызы болмағанға Алла Тағаланың қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі білсін,-деді. Тойға артынып- тартынып келген Дерсе хан ,қара үйге отырғысы келмей қайтып кетеді.
2)Сен көршісің Сен сыныптассың
2)Сіз көршісіз Сіз сыныптассыз
3)Ол көрші Ол сыныптас
1) Мен доспын
2) Сен доссың
3) Сіз доссыз
4 ) Ол дос