Сөз таптары.
Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы, философ, аудармашы, композитор, саяси қайраткер болған. Оның шын есімі Ибрахим. Абайдың 176 өлеңі мен 45 қара сөзі бар. Оларды оқып басатаған әр адам оған қызығып, бар ойын салып оқиды. Абай орыс және еуроппа ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Оларды домбырамен күй қылып тартқан. Ол басқа балалармен ойнағаннан гөрі өз әжесінің әңгімесін тындағанды жақсы көретін.
Ну это все что я знаю!