М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fff567
fff567
24.01.2023 13:13 •  Қазақ тiлi

Написать краткую биографию про ілияса жансүгрова где родился , годы жизни и какие поэмы написал на казахском языке

👇
Ответ:
Matushabos
Matushabos
24.01.2023
Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.1922 жылыВерныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.1934–1937 жылдары Қазақ саяси ба редакторы, сонымен бір мезгілде;1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады.1938 жылы ату жазасына кесілген.1958 жылы ақталды
4,5(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
TearPrincess2
TearPrincess2
24.01.2023

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені ,сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады.

Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің туған жерің, ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер . Өзіңнің туған-туысқандарыңмен , дос-жарандарыңмен тұратын қасиетті, киелі мекен. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандаған. Атамекен үшін, туған жер үшін, тәуелсіз ел болу үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, жанын қиды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет сияқты батырларымыз, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мағжан,Міржақып сияқты ақындарымыз, жазушыларымыз, Қайрат, Сәбира сияқты апа-ағаларымыз Отан үшін , атамекен үшін отқа түсті, жанын қиды.. Ата-бабаларымыздың арқасында біз тәуелсіздігімізді, егемендігімізді алып, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Егеменді Қазақстан Республикасы болып жарияландық . Қазақстан Республикасының президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біздің Отанымыз-Қазақстан. Оның астанасы-Астана қаласы болып құрылды. Мемлекет құрылған кезде тіл де, ту да, рәміздер де, өз орындарымен қалыптасты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Туымыздың көк түсі-бейбітшілікті, ашық аспанды, тыныштықтың белгісін білдіреді. 1991-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекттер достастығы ұйымында, Біріккен Ұлттар ұйымында және басқа ұйымдарға қатысып, биік-белестерден көріне білді. 2011 жылы Бүкіл әлемдік Азияда олимпиадасын қазақ елінде, қазақ жерінде өткіздік. Қазақстан Республикасы - ірі мемлекттердің біріне жатады. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осыдан-ақ қазақ елінің, қонақжай халық екенін білуге болады. Біздің еліміз-жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекеттерге жатады. Туған жеріміз Қазақстанда-көк теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан тау да, көкпеңбек орман-тоғай да баршылық. Өріс толы- малы, жайқалған егіні, таусылмас кен байлығы, адал еңбегімен елінің даңқын, дәулетін арттырған аяулы азаматтары мен азаматшалары бар, бақытты халықпыз!

Бүгінгі Қазақстан-дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған елге айналды. Осы 23 жылдың ішінде көптеген әлеуметтік , экономикалық жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде, дүниежүзі бойынша көлемі жағынан 9 орында тұр. Тіпті қыбырлаған жәндікке дейін өз мекенін, туылған жерін іштей жақсы көреді. Мықты ақындарымыздың бірі - Мұқағали Мақатаев өз Отанына деген махаббатын, сүйіспеншілігін “Отан”өлеңі арқылы қалай жеткізген десеңізші!

Мен де өз Отанымды, елімді, туған жерімді дәл Мұқағали секілді жақсы көріп, оған өлең арнадым.

Отан

Отанын сүйген адамдар мың жасайды,

“Отан” деген сөзді мәңгілік естен шығармайды.

Туған жерін сыйламайтын адамдар,

Қартайған соң өкініп, бір жылайды.

Кең байтақ жерім менің, туған елім,

Ешқашан сатылмайтын ана тілім.

Әрқашан жасай берші, Қазақстан!

Қыран құстай самғай берші, қазақ елім!-деп, мен өз Отаныма деген махаббатымды, сүйіспеншілігімді осылай жеткізгім келді. Мен өз елімнің патриотымын. Қазақ елі жасай берсін!

4,6(88 оценок)
Ответ:
ленок352
ленок352
24.01.2023

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.

Объяснение:

4,8(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ