М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Eyre
Eyre
06.06.2023 19:33 •  Қазақ тiлi

1. жақсылық деген не? 2. сен ға қандай жақсылық жасадың? 3. составьте 6-8 предложений со словами өз, өзім, өздерің, өздері, вообщем в разных склонениях, предложения давольно простенькие можно. заранее < 3

👇
Ответ:
violetakoshtura
violetakoshtura
06.06.2023
Жақсылық деген адамға көмектесу
Мен адамға затты тасуға көмектесіп. Жақсылық істедім
Мен өзім жақсы адаммын. Мен өз мектебімді жақсы көремін. Мен өз анамды жақсы көремін. Адамдар өзін жақсы көру керек. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Өзіндің адамдарын жақсы адамдар
4,8(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sluvka123123
sluvka123123
06.06.2023

Сəлем,Дима! Қалайсың? Мен болсам наурыз мерекесіне дайындалып жатырмын! Айтпақшы ,Наурыз мерекесі қазақтың жаңа жылы деп саналады.нақтырақ айтсам:

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.Міне,негізі қазақтың əр мейрамының тойлау тарихы,тойлау себебі бар!Бұл қазақ мерекесінде туысқан немесе бір-бірін танымайтын адамдар да бір бірімен амандасып,көрісіп,хал жағдайын сұрайды.Міне бұл қазақтың кез келген жағдайға қонақжайлылығы,сыпайлылығын,адамдардың бір біріне деген құрметі! Біз осындай мықты халықпыз! Досым David мен сені Қазақстанға шақырамын!Сен келсең мен өте қатты қуанар едім,саған өзіміздің салт-дəстүрімізді,қонақжайлылығымызды көрсетіп, сені керемет көңіл-күймен күтіп аламын!

Объяснение:

4,4(90 оценок)
Ответ:
асаса3
асаса3
06.06.2023

Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...»15. Ертеректе, Ферғана-Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті16. Кейіннен, б. з. б. 47—46 жылдарда қаңлылардың билеушісі үйсінге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюйі Чжи Чжиді қолдады, ал үйсіндердің одақтасы ханьдық құдіретті Қытай болды17. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекшісі шаньюй Хуханье, тегінде, ру ақсүйектері мен қатардағы қауым мүшелері көпшілік бөлігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Солтүстік ғұндардың билеушісі шаньюй Чжи Чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылды. Ол Угэні, Гяньгуньді, Динлинді бағындырды, бірақ күш алған, оның үстіне Қытай қолдаған үйсіндерге қарсы тұра алмады. Өз кезегінде үйсіндер б. з. б. I ғасырдың орта шенінде қаңлылардың шығыстағы шекарасына қысым жасады. Сол кезде қаңлылар үйсіндерге де, Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын күшпен одақ жасаспақшы болып ұйғарды. Мұндай күш солтүстік ғұндардың шаньюйі Чжи Чжи болатын. Чжи Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Үйсіннің жеріне Чжи Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер үйсіндерді біржола жеңе алмайды. Қаңлылар шарттарын (державаның шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіруді) Чжи Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның негізінде жанжал тұтанды. Оны Чжи Чжидің қаңлылардың әдет-ғұрпын көрінеу ұстанғысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол Қаңлы билеушісінің қызын, сондай-ақ «атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады»18. Чжи Чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылып, Талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастады. Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қала салуда күн сайын 500-ге дейін адам жұмыс істеген. Шаньюй құрылысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан, шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған.

Объяснение:

4,6(12 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ