М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zhludovaanasta
zhludovaanasta
14.03.2021 14:49 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему бак қайда барасың? напишите сочинение на казахском языке

👇
Ответ:
BanderSap
BanderSap
14.03.2021
Бақ, қайда барасың…

Ертеде, жастау кезімізде абыз ақсақалдардың әңгімесін тыңдаудың өзі бір ғанибет болатын. Біз­дің бойымызда жақсы­лық­тың, кісіліктің мыс­қалдай да бір үлесі болса, сол аталарымыз бен ағаларымызға қарыздармыз. Осы мақаланы жазу үшін қолыма қалам ал­ғыз­ған менің даналығым емес, ағалығым, құрметті оқырман.  Бар ойым –  өздеріңізбен ой бөлісу.

Қазіргі күнде де торқалы той, топырақты өлімде ауыл­дың үлкендері бас қосып қала­ды. Өкінішке орай, әңгіме ар­қауы көп жағдайда күнделікті тірліктің ұсақ-түйегі маңынан ұзап кете қоймайды. Сондай кезде өзінің абыройын, сөзінің қадірін қашырмай әдемі қартая білудің өзі қастерлі қасиет пе деп қаласың.

Дана халқымыздың «Көп жасаған біле ме, көпті көрген біле ме?» деген сөзінде де үл­кен мағына жатыр. Жасаған ие­міздің өзі өлара шақта өмір­ге келтіріп, екі ғасырдың куәсі болуды нәсіп еткен екен, ендеше ішкен-жегенімізге мәз болмай, бастан кешкенді таразыға тартып, өткеннен өнеге, тарихтан тәлім беруге талаптансақ оның несі айып?

Тоқсаныншы жылдарда ел басына түскен қиындықтар көптің әлі есінде болар. Сонда біздің қиналғанымызды көрген бір қария адам: «Соншама несіне уайымдайсыңдар, аспаны­мыз ашық, нанымыз бар. Олай болса жағдай да жаман емес қой», – деп жұбататын.

Бір көпшілік жерде сол сөзді айтамын деп қарсылыққа кез болғаным бар. Үйге келген соң оңашада ойға шомдым.   «Шындығында да біздің жағ­дай­ымыз бүгінгі күн тұрғы­сынан алғанда қандай, тәуел­сіз­дігіміздің жиырма жылды­ғын­да қол жеткізген нендей табыстарымыз бар?».

Әрине, қашанда шыдамды­лы­ғына шүкірлігін сүйеу етіп, төзімділігіне тәубесін тіреу еткен қара нардай халқымыз қан­дай да бір қиындықтарға қас­қая қарсы тұра білді. Ата-ба­ба­ларымыз сан ғасыр арман еткен тәуелсіздікке қолымыз жетіп, досымыз сүйініп, дұш­па­нымыз күйініп жатса, «мың өліп, мың тірілген қазақтың» кең пейілінің өтеуі болар.

Өтпелі кезеңнің сынағын «көппен көрген ұлы той» деп, көрші ағайындарда кездесіп жатқан ауыртпалықтармен са­лыс­тырып, жеңілдете салу ой­ым­да жоқ. Олардың жағдайы мен біздің тұрмысымыздың ара­сындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін көзі қарақты көпшіліктің өзі-ақ кө­ріп отырған болар.

Қазір қай қаланың базары­на барсаң да қап арқалаған, қап­таған қырғыз бауырларды көре­сің, алып құрылыс ала­ңына ай­налған Қазақстандағы бар ауыр жұмыстың басы-қа­сы­нан өзбек ағайындарды кез­дестіресің. Кешегі Одақ кезінде өзімізбен терезесі тең бо­лып келген осы қыр­ғыз, өзбек, тәжік, т.б. ағай­ын­дар басқа елдердің босаға­сы­нан сығалап, нан тауып жүрсе, Еуропаның көптеген аймақ­та­рын­да түрік­тердің, үнділер мен пәкстан­дықтардың жағдайы осындай. Сонда олар қайбір жетіскеннен бала-шағасын тастап, шекара асып жөңкіліп жүр деп ойлайсың, осының барлығы жұ­мыссыздық пен жоқшылықтың салдары.

Қазіргідей күрделі кезеңде кейбір жерлестеріміздің тұр­мыс деңгейі әлі де күрт жақ­сарып кетпегенімен, біздің халықтың тамақ асырау үшін басқа елдерде жұмыс іздеп жүрмеуінің өзі біраз нәрсені аңғартпай ма? Әрине, бұл жерде қазақ халқының жетімі мен жесірін қаңғытпай бауырына басатын қанында бар қасиет, елде болса ерінге тиеді дейтін елжандылық пен қоғамшыл­дық, туған-туыс пен жекжат­тың арасындағы жазылмаған заңдай болып кеткен қайы­рым­дылық пен бауырмалдық сияқты басқа жұртта кездесе бермейтін өзіне ғана тән та­биғи мінез-құлықтың да орны бөлек екенін айтып өту керек.

Соңғы жылдары күш алған әлемдік дағдарыстың салдары­нан батыстағы небір алпауыт мемлекеттердің өзі белдігін тар­та буып, әлеуметтік жәр­дем­ақылар мен жалақыны қыс­қартуға мәжбүр болған­дығын күнделікті хабарлардан естіп-біліп отырмыз. Ал бізде керісінше, жыл сайын бюджет саласы қызметкерлерінің жал­ақысы, зейнеткерлердің зей­нет­­ақысы, студенттердің сти­пендиясы өсіп отырғаны кө­ңілге зор сенім ұялатады. Бұл орайда «жалақы өседі» деген­нен-ақ тауарын қымбаттата бастайтын сауда тұтқаларын ұстаған пайдакүнемдердің амал-айласы жеке әңгіменің тақы­рыбы болмақ.

.

4,7(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
blackfox30
blackfox30
14.03.2021
Сонымен қатар, ол ұлы өнертапқыш болды. Леонардо әскери ыдысын, тачка, және роликоподшипник ойлап. машиналар мен қару-жарақ ондаған жоспарлары оған жасалды.

Ол сондай-ақ су астындағы және ұшақ үлгілерімен тәжірибе. Сонымен қатар, Леонардо инженер және ғалым ретінде үлкен болды. Ол сондай-ақ музыкант, ақын, және мүсінші болды. Әрине, Леонардо да Винчи әділ данышпан деп атауға болады.

Суретші Италияда ауылы, Винчи жылы дүниеге келген. бала бола отырып, ол әкесінің ата-анасымен бірге өмір сүрген. оның әкесі Леонардо кескіндеме мүдделі екенін түсінген кезде, ол тамаша мұғалім мен суретші баланы жіберу туралы шешім қабылдады. Бір күні оның Леонардо мұғалімнің суретте тамаша періштені боялған. «Сіз маған қарағанда көбірек болып табылады», мұғалімі байқаған.

Леонардо 25 жаста болғанда, ол содан кейін Флоренция, Милан және Венеция бірінші, өз бетінше бояу бастады, және - Францияда.

Оның атақты сурет «соңғы Кешкі» Милан капелласының қабырғаға орналасқан. әйгілі Леонардоның жағдайынан картиналар бірі «Мона Лиза» болып табылады. Бұл сурет Матч күлкі бар әйел білдіреді. Қазір бұл Лувр ең тамаша қазына бірі болып табылады.

Леонардоның жағдайынан суреттер, олар сипаттау қиын әдемі музыка сияқты, сондықтан әдемі. оның суреттер адамдардың жүздері білдіру толы. Леонардо адамдар өте жанды көрінуге тырысу, жаңа жолмен жарық пен көлеңке әсерлерін пайдаланылады. вот
4,8(81 оценок)
Ответ:

ответ:. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақынақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ап бұл өлеңінде Абай әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуезовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тындаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол!

Объяснение:

4,4(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ