Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Данияр Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталовка ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.