Бақыт жаздыгүні аула тазалады.Әлдекімдерше достарына бір мақтанғысы келіп еді,анасына ендігәрі мақтанбайтынына сөз бергені есіне түсті.Лезде ауланы тазалап болып,ақырын қорадан шығып кетті.Құсша ұшып,Қанаттың үйіне жетті.Әлсін-әлсін ысқырып,Қанатты шақырмақшы болды.Қанат есікті ашып оның неге келгенін сұрады.Бақыт күздігүні және қыстыгүні не жасағысы келетіні туралы айтқысы келді.Бірақ бей-берекет сөйлемеуді жөн көрді.
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
1) Арман: – Анашым!Мен бүгін шешендік өнерден бірінші орын алып келдім! Анасы: – Жарайсың, құлыным!“Өнер алды - қызыл тіл” демекші,тіліңді қастерлеп еркін сөйлеп,осындай байқауларға қатысуың да бір өнер ғой. Арман: – Ия,анашым.Мен сізбен толықтай қосыламын.Алайда,маған әлі де дайындық керек,көп кітаптар оқуым керек... Анасы: – Қазір барып қалаған кітаптарыңды кітапханадан алайық та, екеуміз отырып дайынлалайық.Әлі де сені жүлделі орындар алады деп сенемін,балапаным. Арман: – Міндетті түрде!
3) Мұғалім: – Қане,кім жылатты Динараны?Мойындаңдар! Оқушылар: – Динара: – Апай...Әли мені жылатқан.Ол маған “ сен қортықсың ” деп тиісті.Әрі бұл бірінші рет емес. Әли: – Апай,мен ойнаған едім... Мұғалім: – Динара маған жылап келмесе,бұл қылығыңды жалғастырар ма едің сонда?Қане,кешірім сұра! Әли: – Динара,сөзім тиіп кетсе,кешірші.Мен әдейі емес.Бұдан былай қайталанбайды. Динара: – Жарайды... Мұғалім: – Оқушылар,“ойнап сөйлесеңдер де,ойлап сөйлеңдер”!Ендігде мұндай жағдайлармен кездеспейтін болайын! Оқушылар : – Ия!
2) Анар: – Кеше білесің бе... Айым: – Анар,ал сен білесің бе көп сөйлейтініңді?Сен мектептегі бар жағдайды білетін шығарсың... Анар : – Не дегің кеп тұр сонда? Айым : – “ Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын ” ғой...Әрине,мен қарсы емеспін сенің менімен қызықтарыңды бөліскеніңе... Меніңше,сен ертең болатын байқауды ұмытып кеткен секілдісің. Анар : – А?Не байқау? Айым : – Әне көрдің бе?!Мен саған кездескен бойда мен бақ сынайтын байқау туралы айтып,қолдау сұрап жатқанымда,сен сөзімді бөліп өз әңгімелеріңді айтып кеттің ғой. Анар : – Мүлдем есімнен шығып кетіпті ғой.Кешірші... Айым: – Әрине кешіремін.Бірақ мен сенің бұдан былай өзгелер туралы жаман сөздер айтқаныңды дұрыс деп санамаймын. Анар: – Мен тырысамын бұл жағымды жеңуге...