М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mazanamina2017
mazanamina2017
30.05.2020 03:11 •  Қазақ тiлi

Ана тілге жанашыр бола аламын ба эссе

👇
Ответ:
bisenov04
bisenov04
30.05.2020
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,»-деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет. Бірақ, қазіргі кезде адамдардың барлығы да туған тілінде сөйлей бермейді. Өз ана тілін біліп жүріп өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кезде: «Неге осылар қаншама қиыншылықпен мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?»-деп налисың. Осындай жағдайларда қолдан келер шара аз... Дүние жүзі бойынша алты мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз байлығы жағынан қазақ тілі үшінші орынды иемденіп отыр. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының ағартушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырлағандай, Мағжан Жұмабаев та: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың,»-деп толғанады, осы екі ақын да сол кездегі тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр. «Ана тілі – жүрек үні»деген көркем сөзді мен былай түсінемін: Біздің жүрегіміздің түбінен «ана тілім» деген үн шығып тұруы тиіс, анық естілуі керек. «Өз тілін сезінбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен тең,»-деп Бауыржан Момышұлы қаһарманымыз айтып кеткендей, өз тілін қадірлемеген бала, оны жан жүрегімен сезінбеген адам ана сүтін де қадірлемеген, оны мүлде татпаған жанмен тең. Егер өзіміз сондай болсақ, намысымызға тимей ме? Өз намысымызды да, тіл намысын қорғау – біздің иығымызға жүктелген парыз. Сондықтан, бабаның үмітін ақтап қалатынымызды, тілімізді биіктен көрсететінімізді дәлелдеп көрсететін нағыз тіл жанашырлары – бізбіз.
4,8(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
everlast112
everlast112
30.05.2020

Объяснение:

– 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша

4,7(78 оценок)
Ответ:
446664Flu
446664Flu
30.05.2020
Менің күн тәртібім. мен таңғы сағат 08:00де тұрамын. Сағат 08:30да таңғы асымды ішіп, мектепке барамын. Сабағымыз сағат 09:00да басталады, сөйтіп мен мектептен 14:00де шығып, автобуспен үйге қайтамын. Түсте яғни, сағат 14:30дарда түскі асымды ішіп, сабаққа кірісемін. Үй жұмысын орындап болғаннан кейін біраз уақыт теледидардағы мультфильмдерді көремін. Ал кешке жұмыстан анам мен әкем келеді. Ата-анаммен бірге тамақтанып, анама үй шаруаларын істеуге көмектесемін. Сағат 22:00де ұйқыға батамын. Міне, менің күнделікті күн тәртібім осындай!
4,6(90 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ