Ғалымдар қоқиқаздың не себепті бір аяқпен тұруды қалайтынын анықтады. Бұл – құстың бойына суық өткізбеу үшін жасайтын инстинкті екен. BBC News порталының мәліметінше, осы кезге дейін зоологтар арасында қоқиқаздың бұл әдеті жайлы сан алуан пікірлер қайшылығы қалыптасқан. Зерттеушілердің бір тобы қоқиқаз аяқтарының шаршауын басу үшін бір аяқтап қалғуға дағдыланған десе, бұл – құстың жыртқыштардан дереу құтылып кетуге сақадай-сай тұруы деген болжам тағы бар. Жаңа зерттеудің авторлары бұл пікірлердің анық-қанығына көз жеткізу үшін Кариб аралдарын мекендейтін Phoenicopterus ruber қоқиқаздарын бірнеше ай бойы бақылады. Нәтижесінде құстың бір аяқпен тұрғанда да, екі аяқпен тұрғанда да аспанға бірдей көтерілетіні дәлелденді. Және оның тек ағынды суда ғана бір аяқтап тұратыны белгілі болды. Бұдан ғалымдар мынадай қорытынды шығарды: бір аяққа сүйену – қоқиқаздың үнемі суық күйде болатын ағынды суда бойына жылу сақтайтын инстинкті.
Ағайын-туыс - бір ауыл, қауым болып, шаруашылық қарекеттерін бірлесе жүргізетін, бір-біріне қолдау жасайтын, қандастық жағынан жақын туыс, аталас адамдар немесе солардан өрбіген ұрпақтар.
Мұны «Сыйласқанға жат жақсы, жылысқанға ағайын артық» деген парема да айғақтайды. Қазақта екі туыстық байланыс бар: бірі «бірге күліп, бірге жыласатын» тіршіліктегі қуаныш пен қайғыны бірге көтерісетін әке жағынан туыстық, екіншісі материалдық қарым-қатынаспен байланысқанқұдалар мен тамырлар деп бөледі A.M. Балаубаева-Голяховская еңбегінде ата туыстар қиын сәтте бір-біріне қол ұшын береді, сондай-ақ, жиын-тойларды, торқалы той, топырақты өлімді өткізуді бірге ұйымдастырады, ауыртпалығын бірге көтеріседі.
Ағайын бір өліде, бір тіріде деген қағида осыны меңзейді. Әсіресе, адамның тіршілік циклына қатысты ғұрыптар мен салттардың атқарылуында бірлік пен ынтамақтастықтың орны ерекше. Туысы бірдің уысы бір, бөлінгенді бөрі жейді деп, арадағы ұсақ-түйек дау-шар, өкпе-назды елемеуді ескертеді. Қандастық жақындықты сезінуде ел бірлігін, қоғам тұтастығын сақтауда ағайын-туыстық ұғымының орны айрықша болған. Ағайын-туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды. Қазақы ортадағы бұл қағиданың генетикалық жағынан алғанда дұрыстығы анықталып отыр. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары жиылып, жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық деп боз бие шалып, баталасып, бәтуаласып қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді.[1]