Объяснение:
Астана - арман қала.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Бокс-(ағылшынның box-қорап) деген сөзінен алынған.Боксте екі спортшы,арнайы жұмсақ қолғап пен қорғаныш бас киім және тіс сауытын киіп,жекпе-жекте белгілі ереже бойынша күш сынасады.Суретте боксшының жаттығу кезіндегі бейнесі бейнеленген.Үстінде көк түсті спорт киім,аяғында спорт аяқ киімі және қолында қызыл спорт қолғабы,басында қорғаныш шлемі бар.Сортшының түріндегі ерекше белгісі,денесі шыныққан,шымыр денелі.Аяғы мен қолдарының бұлшық еттері дамыған.Ол оның рингте нақты тұруына және соққы беруіне көп көмегі бар.Қарсыласына қарағанда өте сақ болу керек,көзімен оны бақылай тұрып сәті келгенде соққы беруге дайын тұруы керек.Боксшыда жылдамдық,шыдамдылық,икемділік,сақтық қасиеттер болу керек.Бокста белден төмен,желкеден,арқаға ұруға болмайтын ережелер бар.Жеңіс көп ұпай жинағанға,нокаутпен ұтқанға беріледі.Ұрысты қадағалайтын ринг ішінде бір төреші,сыртында 3-5төрешіге дейін болады.Бокс спорттық ойыны нағыз ер жігіттердің ойыны.Көк туымызды желбіретер боксшы жігіттеріміз көп болсын.