11упр
Объяснение:
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным, мен үшін аса қымбат жер Шырайлы Шымкент! "Шымкент қаласы қазақ халқының алтын ордасы", - деп бекер айтылмаған. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттыққа толы, уайымсыз балалалық шағым өтті. Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Арман қуып, Алматы қаласына оқуға түсіп, шым қаламнан алыстап кеттім. Әрдайым өз туған жерімде болмасамда, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, әрбір бөлшегін еске түсіріп, сағынасың. Өзіңе қымбат жандардың барлығы да сол қалада.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
-Мен хоккей ойынын ойнауды жақсы көремін.
-Ал сен қандай ойынды жақсы көресің?
-Мен футбол ойынын жақсы көремін.
-Сен хоккейді жақсы ойнап білесің бе?
-Иә, мен хоккейді жақсы ойнап білемін.
-Ал сен футболды жақсы ойнап білесің бе?
-Иә, мен футболды жақсы ойнап білемін