М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kotumi
Kotumi
16.04.2020 17:03 •  Қазақ тiлi

Сусыз тіршілік жоқ.су баға жетпес байлық

👇
Ответ:
Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. ал барша мұсылманға қасиетті рамазан айында ораза ұстағанда, алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан , одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін! судың бағасын білмей, суға қоқыс тастап, оны ластайтын жандар бір өзіне ғана емес, қа зиян жасап жатқанын біле ме екен? сусыз бір күн өмір сүрудің өзі тәніңді азапқа түсірерін білер ме екен? тазалықты білетін, сүйетін дана халқымыз бұлақ көзін жаппаған, керісінше бұлақ көзін ашуды сауапты іс деп білген. тіпті, суды бей-берекет жұмсамаған. бір сәт соны ойға алып, дана халқымыздың тәрбиесімен сусындап, судың да сұрауы барын білгеніміз жөн.
4,4(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
тимур615
тимур615
16.04.2020

бәрі табиғаттан жаралған. табиғатты қорғау адамзаттың парызы. 

адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.


4,6(80 оценок)
Ответ:
au20941
au20941
16.04.2020
Қостанай Қазақстанның ең көркем қалалардың бірі болып табылады. 19 ғасырдың соңында Тобол өзенінің жағасында құнарлы жерлер болғандықтан шаруалар жайғасты, бірте- бірте ауыл өсті және үлкен қала болды. 1895 жылы Қостанай деп аталды, ол Қалмық шабуылынан Қазақ жерлерін қорғап атағы жайылған Қостана батыр атымен аталды.
Қала едәуір 740 шаршы шақырымға тең үлкен ұлан- байтақ аумақты алады, 200 мың. адам және түрлі ұлт өкілдері тұрады: орыстар (43%), қазақтар (31%), украиндықтар (14%), немістер (4%), татарлар (2%) және басқа да ұлттар (6%). Қостанай қаласы едәуір пайдалы қазбалармен бай, онда белсенді түрде тау кенін, бокситтер, асбест, және азды- кемді алтын, күміс, лимонита, мырыш, никель және тағы басқа қазбаларды өндіреді. Сонымен қатар жеңіл индустрия (аяқ киім және киім тігу, жиһаз өндіру бойынша фабрика) және тағам өнеркәсібі (ет, жем, сүт қайта өңдейтін және арақ өндіретін зауыттар) кемелденген. Зауыттарға шикізатты: ірі қара мал, тауық, шошқаларды сондай- ақ жергілікті фермаларда өсіреді.
Қостанай басқа Қазақ қалаларының білім мекемелері деңгейі бойынша және ғылыми- техникалық санына жол бермейді. Қостанайда 30- дан аса жалпы білім беретін мектептер, 12 орта мамандырылған мекемелер және 13 жоғары оқу мекемелер салынды. Қостанайдың ең негізгі Университеттері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болып табылады.
Қостанайда туристердің назарын аудартатын, соның ішінде екі мыңға жуық тарихи және мәдени ескерткіштері бар.
Туристердің ағайынды Яушев пассажы сияқты және Воронова және Сенокосова саудагерлер үйлері сияқты тарихи ғимараттары назарын аудартады.
Мәдени демалысын жақсы көретіндер қуыршақ және орыс драм театрына, И. Омаров атындағы Қазақ театрына және тамаша облыстық филармониясына бара алады. Сондай- ақ Қостанайда бірегей мұражайы бар: Ы. Алтынсарин мұражайы мұрасы және тарих және өлкетану мұражайы бар.
Әрине Қостанайда болғасын орталық әмбебабы дүкенінен, Ғаным дизайн ателье, Art- cafe дүкенінен (кәде сыйларсыз, жергілікті кәсіпшілер суреті) есте қалатын кәде сыйларсыз кете алмайсын.
Қостанайда тек қана демалмай, сонымен бірге санаторияларда және профилакторияларда емделуге болады.
4,5(42 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ