М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
allagureva
allagureva
14.08.2022 02:39 •  Қазақ тiлi

Написать ойтолгау на тему "далам - менин таусылмайтын байлыгым"

👇
Ответ:
25409
25409
14.08.2022

Далам - менің таусылмайтын байлығым.

«Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем ...» деп Фариза Оңғарсынова жырлағандай, менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім ол – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған. Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.

4,5(69 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ladysackulina
ladysackulina
14.08.2022

Досы көпті жау алмайды.

Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.

Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні олар мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды естиді.Осы кезде Асан достарына бұл экскурсияға қатысуды армандайтынын,бірақ жоба жасау қолынан келмейтінін айтады.Берік пен Бағдат Асанның арқасынан қағып:"Жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз" деп қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдасып,іске кіріседі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.

Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді."Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті жау алмайды" деп дана халқымыз жөнсіз айтпаған.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.

4,7(1 оценок)
Ответ:
diman129
diman129
14.08.2022

Мәтіннің кіріспе бөлімі не туралы?

– Данияр, сен Ұлы Жібек жолы туралы білесің бе?

– Мен Ұлы Жібек жолы туралы көп ақпарат білемін. Қажет болса, сенімен бөлісе аламын.

– Бәрекелді! Маған Ұлы Жібек жолы туралы реферат жазу тапсырылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атау қалай пайда болған?

– Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы жібек саудасына байланысты. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.

– Шіркін, тарихқа үңілген сайын қызыға түсетінің рас. Ұлы жібек жолының бойында қандай қалалар болған?

– Ұлы Жібек жолының бойында Қызылорда, Отырар, Шымкент Тараз, Ферғана қалалары болған.

– Қап, Ұлы Жібек жолының саудадағы маңыздылығы туралы ғана жазуға болады екен. text

– Жә, Ұлы Жібек жолы дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына да ықпал етті.

– Мен енді сабаққа дайынмын. Данияр, саған көп рақмет!

Оқушы Даниярдан көп ақпарат алып, алғыс білдіреді.

Оқушы досынан Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат сұрайды.

Данияр досынан көмек сұрайды.

Данияр досына Ұлы Жібек жолы туралы айтып береді.

Перевод:

- Данияр, ты знаешь о Великом Шелковом пути?

- Я знаю много информации о Великом Шелковом пути. Могу поделиться с тобой, если нужно.

– Здорово! Мне было поручено написать реферат о Великом Шелковом пути. Как появилось название "Великий Шелковый путь"?

- История возникновения Великого Шелкового пути связана с торговлей шелком. А присоединение к нему слова "Великий" связано с соединением восточных и западных краев. Поэтому этот путь назывался "Великий Шелковый путь".

- Ну, это правда, что каждый раз, когда ты заглядываешь в историю, ты интересуешься. Какие города были на Великом Шелковом пути?

- Вдоль Великого Шелкового пути находились города Кызылорда, Отрар, Шымкент Тараз, Фергана –

- Кэп, о важности Великого Шелкового пути в торговле можно только писать. text

- И Великий Шелковый путь развитию торговли развитых стран, развитию науки, становлению религии и культуры.

- Теперь я готов к уроку. Данияр тебе большое!

Ученик получает много информации от Данияра и выражает благодарность.

Школьник спрашивает у друга информацию о Великом Шелковом пути.

Данияр просит друга о

Данияр рассказывает другу о Великом Шелковом пути.

4,5(98 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ