«Қонақта» тақырыбына диалог құрастыру.
Жайнагүл: Сәлеметсіз бе, көке! Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Жандарбек: Рахмет, жаным! Қалдарың қалай? Балалар өсіп жатыр ма?
Жайнагүл: Ия, бәрі аман – есен, ақырындап жүріп жатырмыз. Балалар сабақтан енді келу керек. Бізді мақтап жүреді екенсіз, тура тамақтың үстіне келдіңіз. Қолыңызды жуып, жайғаса беріңіз.
Жандарбек: Әрине, сендердей балаларымды мақтамағанда, қайтем?
Жайнагүл: Ауыл бәрі тегіс аман ба? Апам қалай?
Жандарбек: Ауыл – аймақ аман, мен жұмыспен келгендіктен, апаларың ауылда қалды. Ертең жұмысым бітсе, қайтуым керек.
Жайнагүл: Бірнеше күн жата тұрмайсыз ба. Демалыс күні сіз «ауылдан келді» деп туыстардың басын қосып, қонақ шақырып жіберейін. Қалада білесіз ғой, жұмыс күндері көбісінің қолдары тимейді.
Жандарбек: Көңіліңнен айналдым, алтыным! Әуре болма, қонақты келесі жолы шақырарсың. Әлі талай келемін ғой.
Жайнагүл: Ол не дегеніңіз, ешқандай әуре емес.
Жандарбек: Осының өзі қонаққа келгенімдей, құшақ жая қарсы алып жатсың.
Жайнагүл: Міне, отағасы мен балалар да келді. Қолдарыңды жуып, аталарыңа сәлем беріңдер. Сосын барлығымыз отырып, тамақ ішейік. Өзім білгендей бүгін ет асып едім. Сосын жаңа піскен тәтті бәліштермен ыстық шай ішейік...
1)Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
2)Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
3)Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
4)Жері байдың елі бай.
5)Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады.
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады.
6)Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.
7)Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
8)Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.
9)Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.
10) Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.
Объяснение:
Қызыл кітаптың түсі қызыл! Ол түс табиғаттың қауіпті жағдайда қалып бара жатқанын білдіреді! Қазақстан жерінен сирек қалған жануар, құс және өсімдіктер жоғалып бара жатыр. Кітапқа кызыл түстің берілгені бекер емес. Бұл түс өз жарықтығы және жарқындығымен адамдардың осы кітаптағы аталған тіршілік иелерінің жағдайына назарларын аударып, оларға көмектесуге шақырады.
Қызыл кітапқа Қазақстанда сиреп бара жатқан барыс, арқар, ақбокен секілді жануарлар енген. Мен а ң осы кітаптағы жанураларға көмектесіп, олардың жойылмауына үлесін қосканын қалаймын.