М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
arseny666
arseny666
03.06.2022 09:31 •  Қазақ тiлi

Изложение казахский язык тимка димка

👇
Ответ:
nicgames
nicgames
03.06.2022
  Сүпірга бар ма? – деймін ұйғыр шалына.Ол маған: – бағ! – дейді. Шынында «бар» да демейді, «бағ» да демейді, мен естіп – білмеген бір дауысты дыбысқа апарып соғады.–         Веник есть? – деймін орыс шалына.–         Ол маған: – есть! – дейді.–         Сыпыртқы бар ма? – деймін едәуір жасқа келіп қалған мосқал қазаққа.Ол үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді.Билет он бес тиын, сыпыртқы он тиын. Моншада осыдан басқа не бар сөз боларлық? Мен осы сөз аздыққа үйреніп кеткенім сонша, басқа моншаларға барғым келмейді.Тим… Тимоша… Ким… Симка… Дим… Димка… осының бәрі бір-ақ адамның аты. Оның шын атын  ешкім білмейді. Мен өзім сұраған емеспін. Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам. Жаңағы үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді дегенім осы кісі.–         Оден! – дейді ол моншаның ішкі есігін ашып, алдыңғы залда кезек күткен адамдарға. Бұл оның бір адам кірсін дегені.–         Назат! – дейді, біреудің орнына екі адам кіріп бара жатса. – Назат!Кезегіңмен кірсең, билетіңді алады, орныңды көрсетеді, сыпыртқы сұрасаң, – береді. Сырт айналып жүре береді.–         Оден!Бұл тоя жеп көрмеген, қызыға киініп көрмеген, жасынан – ақ өнімсіз еңбектен аса алмаған сорлы адам. Өзі де «оден», көптің бірі емес, жалғыздардың бірі.Бір күні ол маған жақынырақ келіп:–         Ағай, он сом ақшаңыз бар ма! Керек еді, – деді ыржиып.Ширек ғасыр ішінде маған тіл қатқаны да осы, ширек ғасыр ішінде менің бетіме тура қарағаны да осы.Мен барымды бердім. Алды. Алғыс айтқан жоқ.Содан кейін талай рет кезекте тұрып моншаға түсіп жүрмін. Кезек тым ұзақ болғанда кезексіз өткізер ме екен деп Тима – Димка – Симкаға талай жалтақтадым. Бірақ, оның көзі маған бір түскен емес. Кезегімен өткізеді, билетімді алады,  сыпыртқы сұрасам, – береді, он тиынын алады, сырт айналып кете береді.Екеуміздің арамызда әдетке айналған амандасу да жоқ, таныстық та жоқ. Аты – жөн сұрасу да жоқ. Ширек ғасыр бойында баяғы бейтаныс қалпымызда келе жатырмыз.Бір күні тағы да сол моншада өзіміздің сүбелі жазушыларымыздың бірі кездесіп қалды. Ол менің арқамды біраз сабалап берді, мен оның арқасын сабалап бердім. Ол менің арқамды ысқылап берді, мен оның арқасын қызыл – шақа қылып бердім. Енді екеуміз жайkасып отырып алып қаланың жаяу өсегіне көше бергенімізде  Тимканың «Назат!» деген қатты айғайы естілді. Шешінетін жерге өтіп кеткен біреуді шегіндіріп жүр. – Назат! Назат!Осыған ұштасып біздің әңгімеміз де Тимкаға көшті. Менің сыбайласым Тимканың біраз қызық мінездеріне кездескен екен. Бір жолы Тимкадан сыпыртқы алғанда бір бес тиын, екі үш тиындық берген екен, Тимка бір тиынын қайырып беріпті… Мен жолдасыма өз басымнан кешкен жоғарыдағы әңгімені айттым. Кінәсіз – кінәратсыз күліп алдық.Күлкі аяқтала бергенде сыбайласым маған шұғыл бұрылып:–         Сен бұл әңгімені маған неге айтып отырсың? Әлде менің де қарыз сұрағым келіп отырғанын сезіне қалдың ба? – деді.–         Жоқ, сен қарыз сұраушы ма едің? Отыз баспа табақ кітабың баспада жатқан жоқ па?–         Бес ай кешігіп шығайын деп тұр анша керек еді?–         Екі жүз.–         Болады. Ертең соға кет!–         Бірақ, мен мына моншашыға ұсап жүз таныстықтан ажырасып кетеді екен деп қорықпа. Кітабым шыққан күні әкеліп беремін.–         Болды.Осыдан біраз күннен кейін мен ұзағырақ жолаушылап кеттім. Қайтып келісімен қаланың сыртында тұрдым да төрт – бес ай моншаға бара алғаным жоқ.Күзге қарай қалаға қайтқан соң моншаға келіп едім, ұйғыр шалы мен орыс шалы мені күлісіп қарсы алды. Тимошка жоқ екен.–         Ие, жайшылық па?–         Сұрамаңыз, қызығы бар…–         Не қызық?–         Тимка осы айдың басында демалысқа шыққан… хи – хи – хи.–         Содан бері күнде келіп моншаға түсетін болды… ха – ха – ха…–         Әдетте сіз моншаға келетін сенбі, дүйсенбі күндері таңертең келіп, түнге дейін моншадан шықпайтын болды. Ха – ха – ха…–         Неге?–         Сізге кездесем, – дейді.–         Сізге айтатын сөзім бар дейді… Ха – ха – ха … – Бұлардың ойында Тимканың біреумен сөйлесем дегені бір таңқаларлық іс болса керек.–         Бүгін дүйсенбі ғой, келеді қазір …Шалдар күлкіден аузын жиғанша болған жоқ, екі аяғын кезек-кезек сүйрете басып Тимка келді. Шалдар күлкіден тез тиылып теріс айналып кетті. Тимканың менімен не сөйлесетінін сыртынан бақыламақшы.Тимка менімен бұл жолы да амандасқан жоқ. Жақындап келіп шалбарының ышқырына үш саусағын тықты да орап – бүктеп, насыбай шақшаның тығынындай нығарлап тастаған бірдемені менің алақаныма қыстыра салды. Ып – ыстық екен… Мен не арыз, не хат болар деп қалдым. Ашып қарасам, жабысып қалуға жақындаған екі бес теңгелік екен!..Мен қызарып кеткен болуым керек. Екі бетім ду ете түсті.Тимка оныма қараған жоқ, теріс айналып жүре берді.–         Өй, Тим… тұра тұршы!–         Қазір…Тимка шығып кетті. Шешінген бойым моншаға түспей – ақ терлеп мен отыра қалдым. Қолымда базарға мың кіріп – шыққан екі  көк бес теңгелік… Әлі жып – жылы.–         Ныма, ныма? – деп, ұйғыр шалы қасыма келді.–         Што, што? – деп орыс шалы жақындап келеді.Бұларға не айтарымды білмей мен отырмын.Ұзамай Тимка қайтып келді. 
4,6(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Gear228man
Gear228man
03.06.2022

Аққулар-құстар. Бір дос, әдетте, тастамайды. Ұжымның әлсіз немесе оңай ауырған мүшелерін күтуде.

Ал басқа сынаға келу үшін іс қиынға түседі – жұқа және зерттелмеген көші-қон инстинктіне қарай, аққу басқа құстармен ұшады, егер олар өзінің туған клинасының бағытын толық қайталаған жағдайда ғана.

Аққу-құстар моногам, өмір бойы буды таңдайды. Алайда Красноярский қорығында қара Аққулар бір жұмбақ лақтырды. Балапандардың екі анасы болды. Орнитологтар, Аққулар тек жұптармен өмір сүреді, ал бұл трио. Мүмкін, еркек таңдау болмады. Ол екі ұрғашысы бар бір вольерде тұрды және оның аққу адалдығы туралы түсініктері өзгерді.                        

                                   

Лебеди – птицы стайные. Одного товарища, как правило, не бросают. Ослабленных или легко заболевших членов коллектива ждут.

А вот с тем, чтобы прибиться к другому клину, дела обстоят сложнее – повинуясь тонкому и почти не изученному миграционному инстинкту, лебедь полетит с другими птицами только в том случае, если они полностью повторят маршрут его родного клина.

Лебеди – птицы моногамные, выбирают себе пару на всю жизнь. Однако в Красноярском заповеднике Черные лебеди подкинули одну загадку. У птенцов почему-то оказалось две мамы. Орнитологи в замешательстве, лебеди живут исключительно парами, а тут такое трио. Скорее всего, у самца просто не было выбора. Он жил в одном вольере с двумя самками и его представления о лебединой верности изменились.

4,8(78 оценок)
Ответ:
rom4ik227232245
rom4ik227232245
03.06.2022
Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. Мақал Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; -Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; - Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; - Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; - Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; - Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; - Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; - Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; - Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; - Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой; - Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын. - Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.
4,5(67 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ