«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
Елордасы Астана болашағына айқын, әрі нық қадам басып келе жатырған жасампаз қала. Қилы замандарды басынан өткеріп келген қазақтың астанасы түрлі жерлерге табан тіреді. «Қисық таяқтың көлеңкесі де түзу болмайды» демекші тоталитарлық жүйе қазақ еліне талай зиянын тигізіп, ел ғылымы мен білімінің дамуын кертарталықпен үнемі кешеуілдетіп отырды. Тарихи дерек көздерін арқау етсек,сонау 1979 жылы қазақ жерінде неміс автономиясын құру жоспары жасалған болатын. Ал сол автономияның орталығы Целиноград болып бекітілуі қажет еді.Сол кездегі Целиноград қазіргі Астана еді. Ел ағаларының арқасында төнген қауіп сейіліп, еліміздің іргесі бүтін қалды.
Өзге халықтардың көпшілігі тоқырауға ұшырап жатқанда, жаңа заманға жасампаздықпен қадам басып келе жатырған еліміздің жүрегі – Астанамыз таңдаған сара жолынан жаңылмастан мақсатына әр қадамын басқан сайын жақындай түсуде. Елбасымыздың «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»деген сөзімен ойымды түйіндей келе еліміздің жүрегі әрқашан соғуын тоқтатпай, көркейіп, гүлденіп, еңбекқорлығы мен жасампаздығымен әлемді таңғалдырудан талмай, «Мәңгілік ел» екендігін дәлелдесе екен.
Подробнее - на -
Маған ұнайтын өнер қайраткері.
Бүгінгі таңда елімізде эстрада жанрында өнер көрсетіп, ән айтып жүрген жұлдыздар жетерлік. Әрқайсысының өз тыңдармандары бар. Мен Димаш Құдайберген жайлы айтуды жөн көріп отырмын. Себебі, бұл әнші өнерлі отбасында дүниеге келіп, туа біткен дарынын шыңдап, бүгін әлем мойындаған, барша жұрт өнеріне тәнті болған, атағы жер жарған Димаш Құдайбергенге айналды. Өз таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал тұлғаға айналды. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Жас та болса, бірнеше байқау жеңімпазы мен лауреаты атанып үлгерген. Солардың ішінде Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.
Димаш – менің сүйікті әншім. Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын.