М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Айфон11111
Айфон11111
22.08.2022 12:22 •  Қазақ тiлi

Эссе на казахском языке про ветеранов

👇
Ответ:
ksenichchka
ksenichchka
22.08.2022
Ардагерлер туралы мәлімет28.01.2016

Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 74 қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Оның ішінде, Ақтау қаласында – 55, Жаңаөзен қаласында – 3,  Бейнеу ауданында – 6, Қарақия ауданында – 1, Маңғыстау ауданында – 2, Мұнайлы ауданында – 3, Түпқараған ауданында – 4 адам.

  2011 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 100,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

  Соңғы 3 жылда аталған санаттағы азаматтарға демеушілік қаражаттың есебінен 100,0 мың теңге мөлшерінде қосымша материалдық көмек берілді.

  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығының мерекеленуіне байланысты жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 138 740 теңге (70 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде барлығы 9711,8 мың теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсету қарастырылуда. 

  Облыста тұратын Ұлы Отан соғысы мүгедегіне теңестірілген 118 адамға, Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген 835 адамға, 1210 тыл ардагеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған 5 зайыбына (жұбайы), Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің 91 жесіріне, фашистік концлагерьдің 8 тұтқынына, Ленинград блокадасына қатысқан 2 тұрғынға, қаза болған жауынгерлердің 31 отбасына жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 63110,0 мың теңге бөлу қаралуда.

  Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аталған санаттағы азаматтар денсаулығын оңалтуы үшін жыл сайын тегін санаторлық-курорттық жолдамамен  қамтамасыз етіледі.

  Облыс бойынша Ақтау қаласында ғана тұрғын үй кезегінде тұрған  Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне облыс орталығынан 4 пәтер берілді.

  Облыс әкімінің ықпал етуімен және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, кәсіпкерлік субъектілерінің қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, оларға теңестірілгендерді, тыл ардагерлеріне материалдық қолдау, марапаттау мен құрмет көрсетудің ауқымды да маңызды шаралары жыл сайын тұрақты жүзеге асырылып келеді.

  Қазіргі таңда облыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын санаттары, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілгендер жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім шарт негізінде (тасымалдаушылардың міндеттемелеріне сәйкес) тегін тасымалданады.

  Облыстың барлық қалалары мен аудандарының орталықтарында Ардагерлер үйлері қызмет етеді, соның ішінде Жаңаөзен қаласындағы және Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы Ардагерлер үйі материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған дербес ғимараттарда орналасқан.

  Ақтау қаласындағы, Қарақия ауданының Құрық, Жетібай селоларындағы, Бейнеу, Мұнайлы, Түпқараған аудандарындағы Ардагерлер үйлері әкімшілік ғимараттарының бір бөлігінде орналасқан.

  Аталған ғимараттарда ардагерлердің еркін демалуына, жастармен кездесуіне, өңірдегі саяси-қоғамдық іс-шараларға атсалысуына барлық мүмкіндіктер жасалған.

  Ұлы Жеңістің 70 жылдығының мерекеленуі аясында облыста Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне жан жақты әлеуметтік қолдау көрсету толық қамтамасыз етіледі.

4,5(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
NatyGranilace
NatyGranilace
22.08.2022
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары бар . Ол:Аударыспақ ,Көкпар , Қыз қуу ,Мойын арқан , Күрес ,Теңге ілу,Алтын қабақ.Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады.Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында,  мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр. 
4,7(10 оценок)
Ответ:
lydavika755
lydavika755
22.08.2022
Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Бытылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек ғой! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірінше, ең басты, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілік. Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын қабылдау керек еді. Оның Отанына жау бас салды. Дұшпан жылымшы болды және оның әкесін тұтқынға алды. Ол талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Ол білді, егер ол білікті алып берсе, жау оның халқын құлдарғын айналдырды. Ол шешті... өз халықты сақтап қалу. Ол ұзақ азаптарады, бірақ оның әкесінің рухы өз баласымен мақтанады. Ол (Біздің кейіпкеріміз) жауларды жеңді, ал оның елі өркендеді... Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халықпен болу оқытты, және ештеңе, ешкімді жасқану жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиеледі. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық аспанмен міндетті. Олар соғыстты, еңбектенді, олар тапсырмады! Біздің ұрпаққа бұл адамдардың ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анам. Ол өмірді сыйланды. Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, ал Туған Жер үшін өмір сүру тиіс.
4,4(92 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ