Хан Тәңірі шыңы
Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.
Бурабай курортық аймағы
Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.
Шарын шатқалы
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген
эссе "Байқоңыр -мақтаншым"
кіріспе: Осыдан 65 жыл бұрын Байқоңырдың негізі қаланды. Әлемнің ең ірі ғарыш айлағы қалай салынған еді. 1955 жылы 2 маусымда ғарыш айлағы құрылды, соның арқасында бүкіл әлем кейінірек қазақша «бай алқап» деген мағына білдіретін - Байқоңырды білетін болады.
негізгі бөлім: Ғарыш айлағының ең үлкен құпияларының бірі - оның қалай аталғаны. Қазақстанда Байқоңыр деген ауыл бар, бірақ ол ғарыш айлағынан үш жүз шақырым жерде Қарағанды облысының аумағында орналасқан. Космодромның алғашқы жылдарындағы барлық сәтсіздіктерге қарамастан, Байқоңыр кеңестік және ресейліктер үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік ғарышкерлік үшін нағыз таңғажайып орынға айналды. 1961 жылы әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин, 1963 жылы - алғашқы ғарышкер әйел Валентина Терешкова, ал екі жылдан кейін – ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам Алексей Леонов ғарышқа ұшты. Байқоңырдан «Протон», «Циклон» және «Энергия» тасымалдағыш-зымырандары, орбитаға Жердің алғашқы жасанды жер серігі, сондай-ақ бортында Белка мен Стрелка бар «Спутник-5» ұшырылды.
қорытынды: Байқоңыр айлағынан ғарыш кеңістігіне үш қазақ азаматы ұшып барып қайтты. Олар: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
план:
1. Әлемнің ең ірі ғарыш айлағы.
2. Ғарышкерлер және зымырандар.
3. Казақтың тұңғыш ғарышкерлері.
Сен оқыдың
Сіз оқыдыңыз
Ол оқыды
Мен жаздым
Сен жаздың
Сіз жаздыңыз
Ол жазды