Ғаламтор туралы пікір әртүрлі. Ол жайында көп айтылады. "Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі" бұндай пікірмен қалай келіспейсің, әрине дұрыс айтылған. Егер біз тек ғаламтордағы атысып, бірін бірі өлтіріп жататын ойындарды ғана пайдаландық дейік, онда біз бір қанішер, жауыз болар едік, немесе тек әдепсіз жарнамаларды ғана көрсек, онда не болады. Міне, сондықтан ғаламторды тек қажетіңе, дұрыс пайдалану -мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті, ғаламторда ұзақ отырсаң, алтын уақытың босқа жойылады, көзіңнің көру қабілетіне зияны тиеді, ойлау қабілетің бұзылады, бір сөзбен денсаулығыңа кері әсер етеді. Әсем табиғаттың, өмірдің әсемдігін, адамдардың қадір қасиетін байқаудан қаласың.
"Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Өйткені қазіргі таңда ғаламторда алаяқтық кеңінен тарап кетті. Сондай алаяқ адамдардың қармағына түсіп қалмас үшін, бөгде сайттарға кірмей, байқау керек. Одан қала берсе, қазіргі таңда ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді. Міне, осының бәрі ғаламтордың кері әсері деп білемін. Бірақ, дұрыс пайдаланған ғаламтор таптырмас пайдалы құрал екені айдан анық. Себебі оның көмегімен біз кез келген құжатты басып, шығара аламыз; қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі бар; Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі және әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Сондықтан да осынау пайдалы құрылғыны дұрыс әрі тиімді жағынан пайдалана білейік!
Бірде полиция Зебра болды. Ол әрдайым балаларға көліктерден аулақ болу үшін жолдан өтуге көмектесті.
Бір күні бір балаға жолдан өтуге көмектесіп, ол басқа баланың жолдан өтуге тырысып жатқанын көрді.
- Не істеу керек, Мен бәріне бірден көмектесе алмаймын, - деді Зебра.
Ол кеңес алу үшін қалалық кеңеске барды: жаяу жүргіншілерге қалай көмектесуге болады?
-Өкінішті, сен бөліне алмайсын, - деді Піл.
- ИӘ, - деп жауап берді зебра.
"Демек, жаяу жүргіншілер үшін жолдың ортасында тротуар салу керек", - деп ұсынды Жираф.
- Ал көліктер тротуардан қалай өтеді? - Зебра қарсылық білдірді.
- Ал егер сіз Піл мен жирафтың ұсынысын қоссаңыз, не болады, - деді Дана үкі.
- Бұл қалай? - зебра таң қалды.
- Ал, мысалы ... О, ойлап таптым, - деді үкі, – сіз жол бойында қара асфальтқа ақ жолақтар салуыңыз керек, сіз боласыз, – деді ол зебраға, - бірақ сонымен бірге жол. Екі жағынан да белгілерді орнату керек, тек оларды ойлап табу керек", – деп аяқтады үкі. Және бұл пікірмен барлығы келісті. Үкі ең ақылды құс болып саналатыны бекер емес.
Содан бері бұл қалада өмір әлдеқайда қауіпсіз болды және Зебра бақытты болды.!