Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу
үшін не уақытты, не күш - жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені
аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға
болады. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние
болғандықтан, әр а өз денсаулығына көңіл бөле қарау
қажет, оныі орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын
кебейтіп отыру керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған
үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына
езі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол
себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды
әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын
сақтауымыз қажет.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады.
алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс
тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп
көңіл бөлу қажет.
қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы
тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөнісі
тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс
тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу – денсаулықты
жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын
таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады.
Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге
болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі
тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет.
Ал сол денсаулықты сақтау - өз қолымызда, яғни өз еншімізде.
Астана – менің сүйікті қалам.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.