Ананың жарқын бейнесі
Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды. Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым. Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды, – деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, бұл өмірде аяулы анадан артық мейірімді, жүрекке жылу сыйлайтын жанашыр жан жоқ шығар, сірә?! Өміріміздің гүлі, мәні мен сәні, көңіліміздің нұры, қамқор сүйенішіміз – ардақты ана. Түн ұйқысын төрт бөліп, бауыр еті баласын аялы алақанымен әлдилеп, қандай сәтте болмасын, қолдау көрсететін ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өбектеп өсіріп, ақ сүтімен әлпештеп, өн бойынан өнегесін дарытып, даналықтың дәнін, ізгіліктің шуақ нұрын себетін ол – ана. Бүгінгі буынның ерен істерін жалғастыратын ертеңгі ұрпақты тәрбиелеуде де аналарымыздың елеулі еңбегі көп. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығы біздің бойымызға ананың ақ уыз сүтімен тарайды, ананың тілі, махаббаты, бәрі-бәрі, ақ сүтімен сіңеді.Барша а ана алдында бас иеді. Алып та анадан туады, даңқы шыққан батыр да, атақты ақын да, артына із қалдырған ұлы тұлға да, бәрі-бәрі асыл анасына қарыздар. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген осы бір ой өте орынды айтылған. Сәбиін тоғыз ай құрсағында көтеріп, бізге жарық өмір сыйлағаны үшін, бойымызға адами құндылықтарды сіңдіріп, тағылым-тәрбие бергені үшін, өмірден өз орнымызды тауып, адам боп жетілуде жол көрсеткені үшін мәңгілік қарыз боп қала береміз. Ананың жарқын жүзі, ыстық құшағы, «құлыным» деп еркелеткені, тіл қатқанда сыр боп төгілген сұлу сөзі жүрекке жылы, күлімдеген көздері де әрдайым көңілге қуат береді. Әйел-ана құдіреті шексіз. Ана деген мәртебелі аттың қасиеті мен киесін айтып жеткізу мүмкін емес.Ұлылығын ұлықтаған дана халқымыздың жер, Отан, табиғат атауына ана сөзін қосып айтуында да үлкен мән жатыр. Осыдан-ақ, Ұлы Отанды, қазыналы жерімізді, тамаша табиғатымызды анамыздай аялауды ұғына түсеміз. Әр адамға өз анасынан басқа да, Тамырына мәңгі етер астана. Демеп жүрер, жебеп жүрер арқаға, Болу керек құдіретті төрт ана, – деп Мұхтар Шаханов өз жыр жолдарында туған жер, туған тіл, шежірелі тарих және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейді.
Егерде ответім сізге ұнаса лайк пен лучший ответ беріңізшіНақ осы шақ - өндіріп жатыр; жедел өткен шақ - өніреді; ауспалы келер шақ - болашақта өндіреді.нақ осы шақ - тасмалдап жатыр; жедел өткен шақ - тасмалдайды; ауспалы келер шақ - болашақта тасма
лдайды.нақ осы шақ - жұмыс істеп жатыр; жедел өткен шақ - жұмыс істейді; ауспалы келер шақ - болашақта жұмыс істейді.нақ осы шақ - бағаланып жатыр; жедел өткен шақ - бағаланады ; ауспалы келер шақ - болашақта бағаланады.нақ осы шақ - таралып жатыр; жедел өткен шақ - таралады; ауспалы келер шақ - болашақта таралады.нақ осы шақ - қосылып жатыр; жедел өткен шақ - қосылады; ауспалы келер шақ - болашақта қосылады.нақ осы шақ - жеткізіп отыр; жедел өткен шақ -жеткізеді; ауспалы келер шақ - болашақта жеткізеді.нақ осы шақ - біріктіріп отыр; жедел өткен шақ - біріктіреді; ауспалы келер шақ - болашақта біріктіреді.нақ осы шақ -туғызып отыр; жедел өткен шақ - туғызады; ауспалы келер шақ - болашақта туғызады.
2. Оған қол ұшыды созып көмек берер едім
3. Иə