М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sanydrr1
sanydrr1
25.06.2022 20:06 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском языке менің үйім

👇
Ответ:
Bksd
Bksd
25.06.2022

ІІД-де халықтың тұрмысы жақсарған сайын, қылмыс санының да артып бара жатқанын айтады. Өзіміздің ұрыларымыз жеткілікті, бірақ статистиканы «гастролерлер» бұзып отыр, қала экономикалық тұрғыда ауқатты болған сайын, соғұрлым тартымды болады. Сондықтан бізге оңтүстіктен де, солтүстіктен де, таяу шетелден де, шалғайдан да, мәселен, Кавказдан немесе Әзірбайжаннан да келуге ерінбейді... Бұл тұрғыда Атырау майлы шелпекке айналған. Әсіресе, тонаушылар үшін көршілік қарым-қатынас жолға қойыла қоймаған жаңа үйлер өте қолайлы. Бұл тұрғыда үй алдында шүйіркелесіп отыратын қариялардың көмегі теңдессіз. Сондықтан олармен жақсы қарым-қатынас орнату мүлік қауіпсіздігін сақтаудың бірден бір жолы. Олар біздегі көп қабатты үйлердің 99,9 пайызында жоқ консьерж қызметін алмастыра алады. Ал қалған 0,1 пайыздың жолдары болған, - дейді ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан МЫРЗАБАЕВ.

- Консьерждері бар үйлерге, әдетте, тонаушылардың қызығушылықтары бәсеңдейді. Олар үйге кімнің келгенін, нешеде келгенін жазып алып отырады. Яғни, подъезден мүліктерді алып кетуді айтпағанның өзінде, оған еленбей кіріп кетудің өзі мүмкін емес. Тұрғындары күзетті формальды тұрғыда емес, агенттіктен жалдайтын үйлер бар. Көп қабатты үйлердің көбінде қағаз жүзінде күзет қызметі бар, ол пайдалану шығындарына кіреді, ал бір жағдай бола қалғанда, олар ешқандай жауапкершілік алмайды.

Тағы бір жақсы нәрсе – домофондар. Олар да теріс пиғылды адамдардың келуін әжептәуір азайтады. Қазір ұрылардан қорғауға мүмкіндік беретін түрлі құралдар мен аспаптар жеткілікті. Әрине, қылмыстардың көп бөлігі аяқ астынан жасалады, алайда кәсіпқой ұрылар өзгеше әрекет етеді. Олар өздері нысанаға алған нысанды: кімнің тұратынын, қандай көлікке мінетінін, қайда жұмыс істейтінін, үйден нешеде шығып, нешеде келетінін, есік пен терезелеріндегі ілмектердің қандай екендігін ұзақ зерттейді. Мұндай жағдайда есіктің көзіне орнатылған шағын камера арқылы қылмыстық пиғыл туралы біліп, оларға осылайша ескерту беруге болады. Базар ұрыларды қорқытып-үркітетін қымбат емес құралдарға: кездейсоқ жанасқан кезде іске қосылатын сиреналарға, «пугалка» деп аталатын бақырауықтарға толы. Бұлардың барлығын мамандарды шақыруға қаржыңыз жетпесе, өзіңіз орнатуыңызға болады. Дабылдатқыштар секілді кәсіби деңгейдегі күзет жүйелері сенімдірек екені даусыз. Бұлар қымбат дүние, дегенмен, егер қожайындары жиі әрі ұзақ уақытқа басқа жаққа жиі кететін болса, нағыз керек құрал осы. Күзет агенттіктерінің мұндай қызмет түрлерін вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар жиі пайдаланады.

Билік те осы проблеманы қолға алған. Қазір қалалық әкімдік «Қауіпсіз аула» бағдарламасын енгізуде. Ол ықшамаудандар мен аулалардағы ахуалды жақсартады деп үміттенеміз. Бұл бағдарлама тәулік бойына бейнебақылау жасайтын болады.

Жеке үй-жайлардың қожайындарына цокольды немесе бірінші қабаттың терезелеріне темір тор немесе металл рольставнилер , кіре беріске мықты есік орнатуға кеңес берер едім. Биік дуал, сенімді қақпа және домофоны бар есікшенің де, бейнебақылау камерасын орнатып, бастысы, ит асыраудың да маңызы зор. Оқпен атылатын қаруды да ұстауға болады, тек арнайы сейфіңіз болса ғана. ІІД жеке үй-жайда қару сатып алып, сақтауға рұқсат береді. Бірақ, есіңізде болсын, бұл физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан дайындығы бар адам үшін өзін-өзі қорғаудың бір түрі. Кез келген адамның, тіпті қылмыскерді де атуға қолы бармайды.

4,5(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
KamaMIX2004
KamaMIX2004
25.06.2022
Астана символының бірі – «Хан шатыры» Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығы және шатыр пішінінде салынған әлемдегі ең биік ғимарат.
Атақты Норман Фостер туындыларының бірі. «Хан Шатыры» Астана сәулетіне тамаша сіңіп тұр, ол Президент резиденциясынан және үкіметтік ғимарат кешендерінен басталатын қала орталығының осін тізбектей жөнеледі.

Астана - Бәйтерек” кешені Керемет құрылыс Астананың қасиетті белгісі болып табылады. 97 метр биіктікте көрініс алаңы орналасқан, сол құс ұшатын ұядай жерден бой көтеріп келе жатқан Астананың көрінісін көре аласыздар.
4,5(52 оценок)
Ответ:
ArtemPlayGames
ArtemPlayGames
25.06.2022
Сабақтың мақсаты:Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту;а)Білімділік – сан есімнен алған білім  дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу;ә)Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылық дамыту;б) Тәрбиелік – балаларды еішіпейілділікке,адамгершілікке,  ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға  тәрбиелеу:Сабақтың көрнекілігі: А.Ысқақов  “Морфология”(202-бет), Ұ. Көшербаева  “Қазақ тілі граматикасын  оқуға  арналған жаттығулар жинағы”, (43-бет), тірек сызбалар, бағалау нормалары,бағалау парақтары,қима қағаздар, оқулқ, дәптерлері;Сабақтың түрлері; Аралас сабақ.Пән аралық байлыныс; математика, география, әдебиет.Сабақ барысы: (тақтада жазылуы).Сабақ алгоритмі:1. Ұйымдастыру кезеңі  2-32. Үй тапсырмасын пысықтау 3. Сабаққа психологиялық  дайындық.І кезең.“ Еім көп біледі ?”1-3мин
4,5(9 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ