1)Сақтардың жазуы қанша әріптен тұрады?
2)Есік қаласының маңында қай жерде, не деген жазу бар?
3)Алтын Бекзада біздің заманымызға дейін қай ғасырларда өмір сүргені анықталды?
4)Сақ, ғұн дәуірінен келе жатқан қай батырлар жайында аңыз-жырлар бар? 5)Орта Азия мен Қазақстанның кең-байтақ даласында кімдер өмір сүрген?6)Сақ,ғұн,үйсін-дер алғашқы қауымдық құрылыс тұсында немен айналысқан?
7)Көне түркі жазуы бертін келе қалай аталды?
8) Руна жазуындағы ескерткіштер тілі YI-X ғасырлары қай тайпалардың жазбаша әдеби тілі болды?
9)Сақ,ғұн, үйсін-дерді Y ғасырға дейін кімдер деп атаған?10)Мәтіннің идеясы қандай
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін.Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә.