Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
(Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
"Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім".
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір — сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады
Объяснение:
«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Режиссері - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері. Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». Ұлы Абайдың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр. Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз көреременін жинап үлгерді. Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен көре аламыз. Болат Әбділманов сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.
Объяснение:
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да
қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.
Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты
мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана
тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты
сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті
адам бола алмайсың.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни
полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек.
«Елу жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан>>жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы»
- «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды.
Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ
тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз>>
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың
“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды
ұсынамын. Қазақстан
бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы
үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік
оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары
деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз
міндет” - деп етекше атап көрсеткен.
Білім министрі 2019 жылға дейін елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш
кедергі болмауы керек деп санайды. 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретінін айтты. Бір айта кететіні, мектепте жоғары
сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ( химия, физика,
биология,информатика) ағылшын
тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай
жасайтынын тілге тиек етті.
Ал, еліміздегі орыс мектептеріндегі
«Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде және де
қазақ мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәнінің орыс тілінде жүргізілетінін
айтып өткен болатын. Бұл Қазақстанның барлық
мектептерінде де осылай жүретінін меңзеген болатын. Осылайша еліміздің білім
алушы әр перзенті үш тілді еркін меңгеретін болады. «Бұндай ықпалдасу оқушы
үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде
оқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», - деген болатын министр Е.
Сағадиев.
Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың
кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста
немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда
ағылшын тілі «21 ғасырдың»,
халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.
Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің
саны күннен – күнге көбеюде.. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде
ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту
әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта,
ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп
үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану
мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді
қосуға, оқушыларға аталған жаңа
талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз.
Үштілді оқыту – жас ұрпақтың
білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең бастықажеттілік. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілдідамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.