М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kazantsevaira2
kazantsevaira2
28.10.2021 07:58 •  Қазақ тiлi

Напишите текст из 70 слов про мечту используя вопросы у вас есть какие-то сны? что бы вам захотелось, если вы встретили «золотую рыбу»? как вы думаете, что вы должны сделать, чтобы достичь своей мечты?

👇
Ответ:
ndzandigiv
ndzandigiv
28.10.2021
Арман адамды қанаттандырады. Адамның арманы ешқашан таусылмайды, яғни армансыз адам болмайды. Әркімнің арманы өзінің жасына, біліміне, өскен ортасына байланысты болса керек. Менің әзірге арманым жақсы оқып, тиянақты білім алу. Адал да, мейірімді болып өсіп, өз жетістіктеріммен ата-анамды қуанту. Мен "Алтын балықтан" ешнәрсе күтпеймін, жетістіктерге өз еңбегіммен жеткім келеді. Арманға жетудің кілті адал еңбек. Ал, еңбектену үшін білім керек. Білім алу үшін көп оқып, көп білуім керек. Міне, менің әзірге арманым осындай. Менің ата-анам мен үшін үлгі. Олар көп жетістіктерге қол жеткізген. Олар бізге бұның бәрі біздің біліміміз бен адал еңбегіміздің нәтижесі,- дейді. 
4,5(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Maxiro
Maxiro
28.10.2021
 традиционное мясо-мучное блюдо тюркоязычных народов. «Бешбармак» в переводе с тюркских языков (образованное из «беш» и «бармак») означает «пять пальцев», «пятерня» — во время еды кочевники не использовали столовые приборы и брали мясо руками (пальцами) В целом, блюдо представляет собой отварное крошеное мясо с лапшойс некоторыми особенностями в технологии приготовления и подачи, что позволяет достичь вкуса, присущего именно этому блюду. Ет немесе Қазақша ет – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы. Тойға немесе қонақасыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар: жамбас – 2,ортан жілік – 2,асықты жілік – 2,бел омыртқа – 1,сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді),қабырға – 2,төс – 1,омыртқа – 1,жауырын – 2,тоқпан жілік – 2,кәрі жілік – 2,бұғана – 1,мойын – 1. Аталған мүшелер адамдардың жас, жыныс және әлеуметтік ерекшелігіне сай тартылады немесе керісінше, жеуіне тыйым салынды.
4,4(19 оценок)
Ответ:
ulyana1512200214
ulyana1512200214
28.10.2021

Қазақстанның көрікті жерлері.


Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

4,7(58 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ