Қазақта өтірік айту- өрге баспайды дегег даналы сөз бар. Ал ислам дінінде өтірік сөйлеу – күнə. Өтірік дегеніміз, шындықты жасырып айту немесе ақиқатты бұрмалап, шындыққа жанаспайтын мəлімет жеткізу.
Адамдарға өтірік айту – арсыздықтың белгісі. Өтірік адамның еңбегін күйдіріп, жоқ ететін қате амалдардың санатына жатады. Өтірікті – адамның ашық дұшпаны екенін Абай атамыз былай айтып кеткен:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз...
Бұл өтіріктің залалы басқаларға өтіп, қоғамдағы əділдік пен тəртіпті бұзып, тұрақтылыққа сызат түсіруі мүмкін. Өтірік жүрген жерде адамның бір-біріне сенімсіздігі пайда болады да, береке кетеді. Сондықтан да асыл дініміз өтірік сөйлеуден сақ болуға шақырады.
Әр адамның өз жолы бар. Және ол осы жолды өзі таңдауға құқылы. Сен үшін қажетті білім жинау үшін, сіз баяу, адал және сенімді түрде жаттығу ауыртпалықына шыдай аласыз. «Үш жол білімге апарады: көрініс жолы - ең беделді және күрделі, имитация жолы ең қарапайым, тәжірибе жолы - ең ащы», - деді Конфуций