1) Тіл дегеніміз-адамдармен өзара пікір алмасуы. 2)Адамның сәттілікке қол жеткізуінің шарты тілді орынды пайдалану. Адамдармен тіл табыса білу. 3)Тіл адамдармен тіл табыса білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемденуіне, өзгелерді тануға,өзін танытуға мүмкіндік береді. 4) Тілсіз адам биік нәтижеге жетуі мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік арманға қол жеткізеді. 5)Адам көп тіл арқылы шетелдерге немесе басқа елдерге барып оқи алады. Басқа елдерге барғанда тілдесе алады. 6) Тілдің көмегімен адам бір бірімен тілдесе алады, сөйлей алады. 7)Тіл деген тек сөйлесу үшін ғана емес, сонымен басқалармен араласа білу. Жақсы сөздер айту, адамдармен тату болу. 8) Тіл табыса білудің өзі өнер. Себебі кей адамдар бір бірімен мүлде араласпай, бір бірін іздемейді де. ОЛар тіл табыса алмайды. Ал көп тіл білу де өнер. Себебі тілдерді сен оқып, өз білімінмен үйренесін.
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.