М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nestieeeeeee
nestieeeeeee
29.09.2020 16:12 •  Қазақ тiлi

ответить на вопрос по қазақ әдебиет : "дүниеде не өлмейді? "-деген сұраққа жиренше қалай жауап берген?

👇
Ответ:
Dive1
Dive1
29.09.2020
Жиренше шешен

Дүниеде не өлмейді?
kz201503.12.20150159200
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:

Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
4,6(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ivanlabur
Ivanlabur
29.09.2020
.Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына
бірнеше жыл өтті. Бұл халықтың ержүректілігі мен
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғысты қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен
ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті
шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал
бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Ұлы Жеңіс
күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына,
жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл
елі болып еске түсіреді.  Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген
15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат
еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен
Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да
көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең                                             
ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін,
келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты

Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар
Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін
болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны,
Қырымды, Прибалтиканы азат етті,

Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына,
жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса
жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын
алды.      


Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз
бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға,
майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.Шығанақ
Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек
даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз
Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?!Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті
еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері
ұмытылмайды.      Бүгінде біздің азаматтық
міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары,
достық пен бірлік  туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
4,6(87 оценок)
Ответ:
dlyaigrmoih1
dlyaigrmoih1
29.09.2020

Қазіргі таңдағы достық қарым қатынасқа жақсы баға беремін. Ол достық қарым қатынасындағы екі адамға байланысты. Егер сіз немесе досыңыз қырсық немесе қатал адам болса ол кісімен ұрысып қалу немесе мүлде аралас араласпай кетуіңіз мүмкін. Менің ойымша мұндай жағдайда сіз немесе сіздің досыңыз ұрыспай тек тыныштықпен, ақылмен болған мәселені шешу керек. Өйткені сіз қызбалықпен сөйлеп мәселені шешуге тырыссаныз ол жағдай одан сайын уу шығады осы кезде достықтың жойылуы мәлім. Әр жерде, әр жағдайда досыннын тілін таба білу керек. Достықта адал болған адам есейген есейгенде бәріне адал болуды үйренеді. Бүгінгі таңда адамдардың тең жартысында жақын досы бар. Сол жағдаймен біз көркейеміз. Егер сіз, біз адал адам бола білсек керемет дос, туыс болармыз. Кей жерде әр дос бір келеңсіз жағдайға тап болады немесе бір ағаттық жібереді, сондай кезде досыңызды қолдай білу керек. Сол кезде досыңыз сіздің нағыз сатпайтын дос екенін түсінеді. Әр қашан достыққа адал болу керек. Дос болуға байлық немесе бір қасиет керек емес. Кедеймен байда адал достар бола алады. Бай кедейді кедей демейді, ал кедей байды мақтан етеді.

4,6(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ