Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Мен қазақ тілін жақсы көремін.Қазақ тілі- Ана тіл.Оны барлық қазақтар білуге тиіс, тіпті міндетті деп ойлаймын.Қазақ тілі өте бай тіл.Тіпті кейбір сөздердің мағынасын ашу қиын.Былайша айтқанда, астарлап айтылады.Қазір көп балалар орысша сөйлейді.Сондықтан, қазақ тілін үйрену одан сайын қиын.Қазақ тілі бір жағынан қиын.Себебі өте көп сөздер бар. Қазақ тілін терең оқыған сайын қызыға бастайсың.Əрі қарай оұи бергің келеді.Осы ата-бабаларымыз қазақ тілін сақтап қалғанына алғыс айтамын. Жəне бізде сақтауымыз қажет.