Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
"Сусыз өмір жоқ" тақырыбына диалог.
Мадина: - Әке,су алып келейін бе?Ауыз ашатын уақыт болды.
Әкесі: - Ия,ботам.Алып келе ғой.
Мадина: - Ораза кезінде су сізге сондай дәмді бал секілді көрінетін шығар ия,әке?
Әкесі: - Дұрыс айтасың.Ораза уақытында судың қадірін түсінесің.Мен алғаш аузымды бекіткенде барып суды босқа шашпау керектігін,қасиетін бағалай алу керектігін түсінген болатынмын.
Мадина: - Адамнан басқа суды жан-жануар,құстар,жәндіктер мен бар өсімдіктер бәрі-бәрі тұтынады екен ғой.Оны бізге алдыңғы дүниетану сабағында мұғалім түсіндірді.
Әкесі: - Ақылдым менің! Біздің елімізде су тапшылығы болмағанымен,басқа елдерге су ауадай қажет.Мысалы,Африка.Ол жерде қуаңшылық орын алып тұрады.Соның салдарынан адамдар қазаға ұшырайды.
Мадина: - Онда біздің елімізге суды үнемдеу керек,оны таза ұстауымыз керек.Өйткені,"су - тіршілік көзі".
Әкесі: - Өте дұрыс.Жаратушымыз берген суды қастерлей білуіміз керек.