Қазақ жерінің, оның ішінде Алматының сәні, символ, Жетісудың ең төл жемісі атанған ол – апорт алмасы. Оның көздің жауын алатын қызыл-жасыл түрі, тілді үйіретін тамаша дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет. Бір сөзбен айтар болсақ , апорт – алмалардың патшасы екен. Осы апортқа тең келетін алма бұрын да, қазір де әлемдік ассортиментте бірде-бір сорт жоқ, оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайтыны анық.
Алмалардың патшасы апортты айтсаңызшы, шіркін! Көлемі тостағандай болып, кейбіреуі 500-600 грамм тартқан. Құжаттарға сүйенсек, ертеде 1200 грамдық ғажайып апорт алмалары болған екен. Оның көз жауын алатын қызыл-жасыл түрлері, тілді үйіретін ерекше, тамаша дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет екен. Апорт алмасы басқа алмалардан мың есе артық, ерекше болған.. Оған тең келетін алма қазір де, бұрын да болмаған. Оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайды. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстандық жол» дегенөзінің кітабында апорт бір кезде Алматының сәні болған деп сипаттайды. Халықпен кездесулерінде Президент апортты қазақстандықтардың ұлттық мақтанышы, ол экспорттық тауар болуға тиіс деп айтқан екен. Бірақ, соңғы жылдары апорттың азаю үдерістері байқалуда. Жемісі уақталып, түрі солғын тартып, дәмі мен иісінен түгелдей айырылған. Бұрынғы апорттардың түрі, түсі, пішіні де қазіргі кезде жоқтың қасы. Иісі мұрынды жаратын алмалар жанның рахаты еді. Енді қазір олар жоқ. Оның себебі неде? Біз осы атағы бүкіл әлемге мәлім болған, ұлттық мақтанышымызға айналған, Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апортымызды жоғалтып алған жоқпыз ба? Оны қайтадан жаңғыртуға бола ма?
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты: — Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: — Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап: — Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады. Жігіт айтты: — Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
Көктемгі каникул мен ойлағаннан да қызықты өтті. Бәрін басынан бастап айтайын. Менің көктемгі каникулда үйден болатынымды әкем мен анам алдын ала ескерткен болатын. Бірақ, каникулдың алдында Астанада тұратын ата мен әжем қонаққа бізге қонаққа келді. Олар қайтатын кезде, менің каникулым басталып, олар мені өзімен ертіп кетті. Осылайша көктемгі каникулді Астанада өте тамаша өткіздім.
Весенний каникул прекрасно чем я ожидал. Все расскажу сначала. Заранее родители меня предупредили, что я весенний каникул буду проводит дома. Но, перед весенним каникулом к приехали в гости бабушка и дедушка из Астаны. Когда они должны были уехать обратно, у нас начались каникулы. Они меня взяли с собой. Таким образом, я весенние каникулы провел в Астане очень прекрасно.
Алматының символы.