М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
jakupovaalbina
jakupovaalbina
07.05.2021 23:41 •  Қазақ тiлi

Сочинение про альфараби на казахском языке

👇
Ответ:
VernerIgor
VernerIgor
07.05.2021
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті.Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады.941 жылы Алеппоға келді.Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз көкөніс өсіріп,түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.Фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік.Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік,өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия- сын үйренген.Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім».Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка- кітабы»-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.Фараби Алепподан Шамға(Дамаск),Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып,Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді. Фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да,Батысты да таң қалдырды.

Болды
4,5(53 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мираж005
Мираж005
07.05.2021
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым!  Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспізХалық ұғымында «табиғат»- деген ұғым «туған жер» деген сөзбен мағыналас, әрі мазмұндас айтылады..«Жер – Ана, ел - бала», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең – жер жомарт» және т.б.Әрбір табиғат байлықтарына және оның жеке туындыларына да арнайы айтылатын экологиялық тыиым сөздер халық арасында кеңінен таралған. Ондай тыйым сөздердің тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Мысалы, күнделікті өз мұқтажымызды өтеп жүрген ауыз судың тазалығын сақтауға арналған көптеген тыиым сөздер «суға түкірме», «суды ластама», «бұлақты былғама», «су ішкен құдығыңа түкірме», «өзің ішетін суға өлген ит тастама» және т.б. бар. Осы айтылған әрбір сөзде ұлағатты ұғым, қаншама терең мағына жатыр десеңізші!
4,5(73 оценок)
Ответ:
виктор238
виктор238
07.05.2021

Көзінің ағы мен қарасындай – ең қымбат, ең ардақты деген мағынаны білдіреді.

Берілген тұрақты сөз тіркесінің фонетикалық талдауы.

Көзінің: 3 буын – кө – ашық, зі – ашық, нің – бітеу.

К - дауыссыз, қатаң;

Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;

З- дауыссыз, қатаң;

І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;

Н- дауыссыз, үнді;

І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;

Ң – дауыссыз, үнді;

Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.

Ағы: 2 буын – а – ашық, ғы – ашық.

А-дауысты, жуан, ашык, езулік;

Ғ – дауыссыз, ұяң;

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік.

Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.

Мен: 1 буын – мен – бітеу.

М – дауыссыз, үнді;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді.

Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.

Қ – дауыссыз, қатаң;

А-дауысты, жуан, ашык, езулік;

Р - дауыссыз, үнді;

А-дауысты, жуан, ашык, езулік;

С - дауыссыз, қатаң;

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік;

Н- дауыссыз, үнді;

Д - дауыссыз, ұяң;

А-дауысты, жуан, ашык, езулік;

Й - дауыссыз, үнді.

Сөзде 10 әріп, 10 дыбыс бар.

4,5(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ