Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.
Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр.
Театр қойылымдары пьесаның мəтіні бойынша, режиссердің, əртістің, суретшінің, композитордың жұмысынан құралады. Жалпы қойылымның негізі драматургиядан басталады. Тіпті қойылымда мүлдем сөз болмағанның өзінде мəтін өте қажет деталь. Ал сол драматургияны сахналау – кəдімгі бір тілден екінші тілге аударғандай процесс. Ал оның көрерменге жетуі мүлдем басқа жағдай.
Мұхтар Əуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген мақаласында «...театр өнерінің ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, өлең-жырынан басталған. Театр өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен шыққан» - дейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті. Ал Шәкен Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» - деп зор баға берген.
Көптеген адам театрдан гөрі кинематографияны ұнатады. Кино мен театрдың айырмашылығы: театрлық қойылымды сіз өзіңіз көресіз, ал киноны сізге көрсететінін ұмытпау керек. Тіпті кейде театрдың болашағына алаңдайсың да. Алайда, əлденеше ғасырды жүріп өткен театр өнері уақыттан, жаһанданудан қорықпайды. Сөз жоқ, театрдың өз аудиториясы бар. Дей тұрғанмен, театрды өз ауқымымен жауып келе жатқан субмəдениет формалары үлкен үрей туғызары анық.
Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. Мұхтар Әуезовтіңсөзімен ойымызды қорытындылайтын болсақ, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».
ответ:Театрлар республикалық, облыстық және қалалық деңгейде болады. Республикалық театрлардың саны – 10. Ол «Астана Опера» – Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мұхтар Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Михаил Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық қазақ театры, Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театры, Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры, ҚР Мемлекеттік академиялық би театры.
Объяснение:
Парасатты болу – менің парызым.
Осынау өмірге анамыздың құрсағында тоғыз ай жатып барып қана келдік. Жарық әлемді, дүниені көрдік. Бірден бәрін біле тумағанымыз рас. Бойымыз ғана емес, ойымыз жыл артынан жыл өмір жатты. Бізге берілген тәрбие, біздің ортамыз, көргеніміз бен естігеніміз мына "мен" деген тұлғаны құрады. Ал осы қамшының сабындай ғана қысқа өмірге біз не үшін келдік?
Әр нәрсеге мақсат керек. Тамақ пісіреміз – қарнымыз ашпас үшін. Кітап оқимыз – іздегенімізді табу үшін. Ұйықтаймыз – демалу үшін. Ал өмірдегі мақсат ше? Сіздікін қайдам, менікі бұлыңғыр. Мақсатқа деген баспалдақтар бар, бірақ қай есіктен бір шығарары белгісіз. Мақсат деген оқуға түсу, университетті жақсы оқып шығу, жұмыс табу, үй алу, отбасы құру емес екенін түсіндім. Ол – үлкен дүние. Мақсат неғұрлым үлкен болып, оған қол жеткізсеңіз, соғұрлым өзіңізді, өмірді жеңгеніңіз. Ал сол мақсатқа мен парасатты болу арқылы ғана жетемін. Сондықтан да басты парызым – зерделі де саналы болуым. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өзі:
" Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында" деп айтып өткен екен. Расында да, әр мәселені орынды шешіп, әр қадамымызды ақылға салып, қоғамнан ала бергеннен гөрі, беруді әдетке айналдырсақ – нұр үстіне нұр. "Өмір" бағындағы "гүлдердің" ішінен "жағымды иісімізбен", артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейікші.