Аудармасы.
Қазіргі өмірімізді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Бүгінгі күні әрбір отбасында компьютер бар. Бірақ компьютердің пайдасымен қатар зияны да бар. Компьютердің пайдасы: оның көмегімен кез – келген ақпаратты тауып, кино көріп, достарымызбен сөйлесіп, түрлі құжаттарды басып, ойын ойнай аламыз. Компьютерлер адам өмірін жеңілдетеді, ақпарат іздейтін уақытты қысқартады.
Ал ұзақ бойы компьютерде отыру адамның денсаулығына зиянын тигізеді. Соның салдарынан көздің көруі нашарлап, арқаға да зақым келеді, адамдар бір – бірімен аз сөйлесіп, сирек кездесе бастайды.
Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы компьютерде отыру психологиялық ауытқулар мен тәуелділікке әкеп соғады.
Бірақ компьютерсіз өз болашағымызды елестету қиын.
Шығарма.
Елін сүйген елбасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш президентіміз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы елбасымыз болып сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. 1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ВТУЗ-ды бітірді.
Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады. Содан кейін ол Қарағанды металлургия комбинатында тау-байыту пешінде жұмыс істеді.
Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының бастауымен менің елім әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасым. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда.
Біз – жастар , әрдайым Елбасымызды қолдаймыз!