М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
julv2
julv2
16.06.2021 07:11 •  Қазақ тiлi

Тəуелсіздік туралы шығарма жазып беріндерш интернеттікі керек емес өз сөздерімен əдемі қылып жазып беріндерш керек и заранее

👇
Ответ:
Kakanya
Kakanya
16.06.2021
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. 
4,4(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
daryankaa1
daryankaa1
16.06.2021
Бәйтерек», «Астана – Бәйтерек» – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
4,5(59 оценок)
Ответ:
Х1ега1Х
Х1ега1Х
16.06.2021
2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. осы Заңға сәйкес, жыл сайынғы 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер - бұл оның жеке басын егемендігі мен, кез келген мемлекеттің маңызды атрибуттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы - күн сәулесінің ортасында суреттелген көк түстің тікбұрышты тақтасы, оның астында қараңғы бүркіт. Білекке - ұлттық өрнектегі тік жолақ. Күннің, оның сәулелерінің, бүркіттің және ұлттық оюдың бейнесі - алтын түсі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы - ҚР еңбек сіңірген әртісі Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы шеңбер пішінді бар және күн сәулесінің түрінде барлық тараптар uyki тарқап, оның көк фонда шаңырақ, бейнесін білдіреді. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты жылқылар бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, ұйықтардың, мифтік жылқылардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түсі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Валиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша, бұрын «Менің Қазақстаным» әні деп танылған Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламент мақұлдады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде тыңдалды.

Музыкалық композитор Шәмші Қалдаяқов, сөздері - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев
4,8(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ