Сән сөзін естіген кезде, көзімізге стильді және сәтті адамды елестетеміз. Бұл үлкен бизнес. Күн сайын біз жарқыраған дүкен терезелерінің жанынан өтеміз. Автобустарда, теледидарда және газеттердегі жарнамаларды көреміз. Сондықтан, біз атақты брендтердің киімін киіуге тырысамыз. Көптеген жасөспірімдер, достары мен таныстарының сыртқы келбетіне тым көп назар аударады. Өкінішке орай, егер ата-аналары балаларына сәнді киімдерді сатып бере алмаса, олар жолдастарының қасында өздерін төмен сезінеді. Осылайша, киім адамдарды әлеуметтік топтарға бөледі. Менің ойымша, әр адамның өзіндік стилі және ерекше көрінісі болады. Ол киімді өзінің талғамына, жасына, жұмысына, дене бітіміне және мінезіне сәйкес таңдауы керек. Мен сәнге көп мән бермейтінімді қуана хабарлаймын. Басқа адамдар не киіп жүргеніне қарамаймын. Ең бастысы – киімім дәл және сұлу болғаны жеткілікті. Қыздардың ашық киімдерді киюіне қарсымын. Сондай-ақ, жарқын макияж жасауды ұнататын, шашын және тырнақтарын әртүрлі түстерге жиі бояйтын адамдарды қолдамаймын. Бұл ақшаны далаға лақтырғанмен бірдей.
Атамның сөзі – отбасымның негізгі тәрбиесі.
Отбасы – қаны бір жандар ғана емес,"Отан" атты ғимараттың бір кірпіші.Сондықтан да,отбасыда өскелең ұрпаққа беріліп жатырған тәрбие аса маңызға ие.Ал сол тәрбиенің қайнар көзі – көпті көрген,ақ сақалды,тарам-тарам қолды аталарымыз.
Қазақ қашан да аталы да баталы сөзге құлақ асып,тоқтай білген.Өйткені,аталарымыздың айтқан әр сөзі ақылдың көзі не пара-пар ғой.Ата – отбасының тіреуіші.Ол жандар отбасы мүшелеріне тек жақсылықты тілеп,бар білгенін үнемі айтып отырады.Әкелеріміз ақыл сұрап аталарымызға келетіні сондықтан.
"Атадан — өсиет, анадан — қасиет" деген екен дана халқымыз.Аталар – отбасының қамы үшін,балаларының аман-саулығы үшін ештеңені аямайтын ардақты жандар.Олардың үлкен алақанымен басыңды,арқаңды сипағанына не жетеді десеңізші.Әр айтқан бата-тілегіне "Әумин!" деуден шаршамайсың ғой,шіркін.Әңгіме барысында аталарымыз өмірден көргендерін атйып отырады.Сол айтқандарын біз ойымызға тоқып,сабақ алып жүрсек нұр үстіне нұр болар еді.
Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады.
Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді.
Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек.